Burger King Kazakhstan компаниясының есебі бойынша Қазақстандағы фастфуд нарығындағы жыл сайынғы айналым 245-260 млн долларды құрайды. Бұл туралы LS хабарлайды.
Компанияның мәліметі бойынша нарықтағы жыл сайынғы өсім - 10-12%. Burger King-тің аймақтық директоры Андрей Капистиннің сөзінше, қазақстандық нарық экономикалық жағдай төмен болғанның өзінде өсуін жалғастыра береді.
Burger King компаниясы ұсынған ақпаратқа сәйкес, Алматыда 18-35 жас аралығындағы тұрғындардың 20%-ы фастфуд мейрамханаларына аптасына бір рет келсе, 25-30%-ы аптасына екі рет келеді. Ал осы жастағы қазақстандықтардың 47,4%-ы уақытын кафе мен барларда өткізеді.
Компания дағдарысқа қарамастан нарықтағы өсім жоғары болатынына сенімді. Сондай-ақ, Қазақстан нарығына ірі бәсекелес McDonald’s-тың келуі компанияға аса әсер етпейтінін және келушілердің саны азаймайтынын айтады.
Burger King директорлар кеңесінің төрағасы Ануар Өтемұратов McDonald’s пен Burger King 20 ғасырдың 50 жылдарынан бастап ірі бәсекелес болып келе жатқанын атап өтті.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024