Қазақстанның Шекара қызметі Sukhoi Superjet 100 ұшағын сатып алды. 25 ақпан күні Амурдегі Комсомольск ұшақ зауытынан нөмірі 95096, уақытша тіркеу нөмірі 97002 Sukhoi Superjet 100 ұшағы алғашқы ұшу рейсін жасады.
BizavNews сайтының хабарлауынша ұшақ Қазақстанның Шекара қызметінің тапсырысы бойынша жасалған. Техникалық талап бойынша аталған ұшақ 59 адамды тасымалдауға арналған. Жолаушылар кабинасы бес аймаққа бөлінген (алдыңғы қызметтік аймақ, бірінші, екінші, үшінші салон, артқы қызметтік аймақ). «Бірінші жолаушы» салоны екі бұрылып-шалқаятын кресломен, екі стол, диванмен жабдықталады. Бизнес класс 12 орынға, эконом класс 45 орынға лайықталған. Жолаушылар кабинасында спутниктік байланыс пен интернет жабдықтарын орналастыру үшін орын қарастырылған. Сондай-ақ жолаушылар үшін 22 дюмдік мониторлар, шусыз құлаққаптар, DVD және BLu-Ray ойнатқыш, USB порттар мен жеке басқару пульттері орнатылу жоспарлануда, деп жазады BizavNews. Қазіргі кезде Қазақстанның Шекара қызметінің ұшақ паркінде Ан72/74, Ту-154М, Ту-134АК, Ан-30А-100, Ан-26, Як-40 и Ми-8АМТ (Ми-171/Ми-172) бар.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024