Экономика
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ еншілес ұйымында кадрлық өзгерістер болды
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ еншілес ұйымы (Алматы, бұдан әрі – Банк) биржаға өзінің жалғыз акционерінің 2016 жылдың 25 ақпанындағы шешімдері туралы ресми хат жолдады. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми сайты жазды.
"Директорлар кеңесінің мүшесі Якунин Михаил Леонидовичтің өкілеттігі өз бастамасымен тоқтатылды. Директорлар кеңесінің құрамы 7 адам болып анықталды",- делінген хабарламада.
Банктің Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі 2017 жылдың 24 ақпанына дейін ұзартылды:
- Қанат Мұхаметкәрімұлы Досмұхаметов (тәуелсіз директор);
- Досым Хамитұлы Қадырбаев (тәуелсіз директор);
- Байрам Юсупович Валиев (жалғыз акционердің өкілі);
- Михаил Эдуардовича Осеевский (жалғыз акционердің өкілі);
- Сергей Владимирович Степанов (жалғыз акционердің өкілі);
- Всеволод Валерьевич Смаков (жалғыз акционердің өкілі);
- Слава Ивановна Сизова (тәуелсіз директор).