Валюталық алыпсатарлық ай сайын ДАИШ немесе "Ислам мемлекетіне" 20 млн доллар көлемінде кіріс әкеледі. Бұл туралы британдық сыртқы істер парламенті комиссиясының отырысында жарияланған мәліметке сілтеме жасап, The Telegraph басылымы хабарлайды.
Қаржылық терроризмге қарсы комитет басшысы Джон Бэйрон ИМ валюта нарығындағы қаржыға 2014 жылдың маусым айында Ирактың солтүстігіндегі Мосул қаласын басып алу кезінде ие болғанын мәлімдеді. Осы уақытта Орталық банк филиалында 429 млн доллар ақша сақталған.
The Telegraph-тың жазуынша, валюталық алыпсатарлықтан түскен түсім мұсылман елдерінде ортақ «Хавала» бейресми ақша аударымдары жүйесінің көмегімен ИМ арқылы басқарылатын аумақтарға тасымалданған.
Отырыс барысында аталған 20 млн доллар қаржы топтың кірісі үшін "маңызды бөлік" екенін аталып өтті. Алайда британдық Сыртқы істер министрлігінің өкілі Тобиас Эллвуд мұны артық деп отыр.
Айта кетейік, 2015 жылдың желтоқсанында Ирактың Орталық банкі ДАИШ қолма қол ақша ала алатын және қолдана алатын 142 ұйымға валюталық аукцион жүргізуге тыйым салды. Сондай-ақ басылымнан хабарланғандай, ИМ бопсалау және мұнай контрабандасы арқылы қосымша пайда көруде. БҰҰ мәліметіне сәйкес, мұнай сату арқылы агенттіктің пайдасы 2015 жылы 400-500 млн долларды құраған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024