Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2016 жылғы 4 наурыздан бастап «Сиқырлы нышандар» монеталар сериясынан «proof» сапалы күмістен номиналы 100 теңгелік «Таға» ескерткіш күміс монетасын айналысқа шығарады. Монета таға тәріздес күрделі нысанда жасалған, деп хабарлады банк баспасөз қызметі.
Монетаның бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «100 ТЕҢГЕ» деген жазу және монета дайындалған металды, оның сынамы мен массасын білдіретін «Ag 925 31.1 g» деген жазу бар. Жазуларды айналдыра ұлттық өрнек салынған, мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ», ағылшын тілінде «NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деп жазылған және моншақ тәріздес тізбек жүргізілген. Монетаның жоғарғы бөлігінде стильдендірілген тағаның ұшында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі орналасқан.Монетаның сырт жағында (реверсінде) алтын жалатылған таға бейнесі орнатылған, ортасында спираль орналасқан, оны айналдыра ағылшын тілінде «FOR LUCK», мемлекеттік тілде «ІСКЕ СӘТ» және орыс тілінде «НА СЧАСТЬЕ» деген жазулар бар. Жоғарғы бөлігінде соғылған жылын білдіретін «2016» деген сан берілген. Монеталардың бет және сырт жақтарындағы бейнелер мен жазбалар бедерленген. Айналдыра шығыңқы жиек. Қыры (гурт) тегіс, бедерсіз және жазбаларсыз. Монета 925 сынамды күмістен дайындалған, массасы – 31,1 гр, сипатталған дөңгелек диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – «proof», ең көп таралымы – 6 мың дана. Номиналдық құны 100 теңгелік ескерткіш монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады. «Сиқырлы нышандар» монеталар сериясынан номиналы 100 теңгелік «Таға» ескерткіш күміс монеталары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, «SKARBIEC KORONNY SA» акционерлік қоғамы және «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны арасындағы Монеталар шығару және сату туралы келісімге сәйкес дайындалды.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024