Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

3D-принтерлер енді зергерлік бұйымдарды шығара алады

3D-принтерлер енді зергерлік бұйымдарды шығара алады

3D-принтерлер енді тісті протездеу және зергерлік іс саласында да түрлі таңғажайыптарды туындататын болады. Бұл идеяның авторы - Миландағы FABtotum компаниясы. Өлшемі 36/36 см болатын шаршы пішіндес 3D-принтер барлық әлемде сатылымда бар.

Prism деген атау алған құрылғы жаңа технологиялардың арқасында  шығындарды азайтады. Бұл технологияның сыры - үш өлшемді заттарды жасап, әрбір пиксельде энергияны концентрациялауға қабілетті стереографияны қолдануында. Ұсақ заттарды жасауды пластик емес, жарық сезімтал смола пайдаланылады. Соның есебінен айқын бейнелер алынады. FABtotum компаниясы 2013 жылы Миланда ашылған. Негізін салушы - архитектуралық университеттің студенті Марко Риццуто.

Похожие материалы