Нұр-Сұлтан. 16 мамыр. 7kun.kz – 4%-дық автонесие зейнеткерлерге берілмейді. Бұл туралы «Центр Кредит» банкінің өкілі Гүлжаһан Хамитова жеңілдетілген автонесиелендіру жобасының қайта жандауына байланысты өткен брифингіде мәлім етті, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Бүгінде зейнеткерлер бойынша айтсақ, зейнет жасының аясында белгілі бір кезең бар және кредиттеу несие беру зейнет жасына дейін ғана көзделеді», - деді ол.
Айта кетейік, бүгін Қазақстанда 4%-дық жеңілдетілген автонесие беру басталды. Бұл бағдарламаға 4 екінші деңгейлі банк қатысады. Олар: «Халық банк», «БанкЦентрКредит», «Форте банк» және «Еуразиялық банк».
Олардың саны әлі де көбеюі мүмкін. Өнеркәсіпті дамыту қоры басқа банктердің де өтінішін растаса, олардың саны көбейеді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024