Экономика
Экономика1
440 мыңнан астам қазақстандық салыққа қарыз
27 қыркүйек. Алматы. 7kun.kz - Елімізде салық төлемегендердің саны 440 мың адамнан асады. Бұл деректерді Мемлекеттік кірістер комитеті айтты, - деп хабарлайды 7kun.kz ақпараттық агенттігі.
Бірінші қыркүйекке дейінгі мәлімет бойынша, жеке тұлғалардың берешегі 21 миллион 141 мың 798 теңгеге жеткен. Ал өсімпұл 5 жарым миллионды құрайды. Әсіресе, Астана мен Алматы тұрғындары салық төлемегендер тізімінде көш бастап тұр.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметі бойынша, берешектер саны: 440 567 адам, ал салық : 15 572 427 теңгені құраса, өсімпұл: 5 569 334 теңгеге жетті. Жалпы қарыз көрсеткіші: 21 141 798 теңгені құрайды.
Мемлекеттік Кірістер комитеті қарызды салық түсімін арттыру аясында берешегі бар тұлғалармен жұмысты күшейпек.