Экономика
Экономика1
5 наурыз бен 20 сәуір аралығында ресейлік мұнай өнімдерінің импортына шектеу салынды
2015 жылдың 5 наурызы мен 20 сәуірі аралығында Ресейден келетін жеңіл тазартушы өнімдер мен дизельді отынды Қазақстанға кіргізуге тыйым салынады. Бұл туралы энергетика министрлігінің баспасөз-қызметі хабарлады.
Энергетика министрі Владимир Школьник осындай бұйрыққа қол қойды. Құжаттың мәтінінде энергетика министрлігінің мұнай өндірісін дамыту департаментіне "Қазақстан темір жолына" заңдық тәртіп бойынша аталған бұйрықты іске асыруды хабарлау керектігі айтылған.
Ал бұйрықтың іске асырылуын қадағалау энергетика вице-министрі Ұзақбай Қарабалинге тапсырылды.
Айта кетейік, осыған дейін "Ресей Федерациясынан келетін мұнай өнімдерінің профицитінен еліміздегі мұнай өңдеуші зауыттардағы жұмысқа кедергі келетін энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында" шектеу салынып отыр деп хабарланған еді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024