Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

5G артықшылығы неде?

5G артықшылығы неде?

5G интернет деген не?

5G (fifth generation) - бұл деректерді жылдамдығы секундына бірнеше гигабитқа жететін, мобильді байланыс технологияларының бесінші буыны. Жақында Швецияда кезекті рекорд орнатылды. Яғни, жылдамдығы - 15 Гбит/с. Бұл қазіргі сымсыз желілерден 40 есеге жылдам. Сонымен бірге, 5G сигнал кідірісін 4G желісіндегі 10 милисекундқа, 3G желісіндегі 100 милисекундқа қарсы, 1 милисекундқа дейін азайтады. Ұялы байланыстың жаңа буындары әрбір 10 жыл сайын пайда болып тұрады. Осы жылдар ішінде технологиялар мен стандарттар өңделіп, инфрақұрылым жаңартылады.
Мобильді байланыстың дамуы
  Технологиялар Жылдамдық Атқарым Өңделіп басталуы Енгізілуі
1G- аналогтық ұялы байланыс NMT, AMPS т.б 1,9 Кбит/с дейін қоңыраулар 1970 1984
2G GSM және т.б 14,4 Кбит/с дейін +смс 1980 1991
3G CDMA2000, UMTS және т.б 3,4 Мбит/ с дейін +интернетке кіру мүмкіндігі 1990 2002
4G LTE, WiMAX және т.б 1 Гбит/с дейін +видеостриминг 2000 2010
5G IMT- 2020 20 Гбит/с дейін** +UltraHD және  3D- видео, Al- қосымшалары, заттар интернеті 2008 2018**
**- болжамдар
 

5G не үшін керек?

Қазір қарапайым тұтынушылар 5G желісінің жылдамдықтарын қажет етпейді. Бірақ технологияларды енгізгеннен кейін қажеттілік міндетті түрде пайда болады. Себебі, адам жақсы нәрсеге тез үйренеді. Мобильді интернет үдеген сайын тұтынушылар контентінің жаңа форматтары туындап жатыр. Жастардың видеоға әуестігі де тегін емес. Snapchat-тың видеомаскаларымен шарықтауы көп жағдайда ұялы желілердің дамуының арқасында. Сондықтан, 5G бізді айқын сапалы видеоларымен, әр түрлі VR- форматтарымен қуантуы әбден мүмкін. Бірақ 5G- ді енгізудегі басты мақсат әрин, ойын-сауықты дамыту емес. Бұл бизнес-үрдісінде кезекті революцияның туындауына әсер етпек. Аса үлкен жылдамдық пен аз уақытта жауап алу роботтар мен заттар интернетін енгізуді қамтамасыз етеді. Заманауи бизнес әлдеқашан санданған, енді оған өнімділіктің жаңа айналымы қажет. Интернет туралы жағымсыз пікірлерге қарамастан, барлық сымсыз объектілерді бір желі арнасына біріктіру қолдан келмей тұр. Оған кедергі IOT бірыңғай стандарттарының болмауы. Тасымалдау заттары Bluetooth арқылы, Wi-Fi арқылы жұмыс жасайды, ал басқа сегменттер бірден бірнеше құрылғыны қолданады.
5G біздің өмірімізді қалай өзгертеді?
Сала Нәтиже
Жүргізушісіз автокөліктер үлкен жылдамдықта сигналдың қауіпті кідірісін жою
Өнеркәсіп өнеркәсіптік роботтардың тезәрекеттілігі және инфрақұрылымның бірегейлілігі
Ауыл шаруашылығы алшақтағы ауыл шаруашылығын басқару, егістік пен мал санының мониторингі
Білім VR-  трансляциясы арқылы көрнекі білім беру
Телемедицина нақты уақыттағы операциялар
Қарым- қатынас интерактивті виртуалды  шындық: тұтынушылар бір- бірімен алшақта отырып, бірге отырғандай байланыса алады.
Ойын- сауық  сапалы видеолармен сымсыз жылдам алмасу (4К,8К) және шараларды VR әсерімен трансляциялау
Компьютерлік ойындар сигнал кідірісінсіз көптұтынушылық VR- ойындар
Әсіресе, 5G объектілар қатты қашықтағы IOT сегменттеріне жарамды (мысалы, ауыл шаруашылығында) немесе тез реакция қажет кезде (мысалы, жүргізушісіз машиналарға). 5G заттар интернетінің белгілі артықшылықтарын ұлғайтып, кең ауқымды таралуын жақындатады десе де болады. 5G желісіндегі деректерді табыстаудың жоғары жылдамдығы инфрақұрылымның жұмыс мөлшерін бірден арттырады. Бұл ұялы байланыс операторларынан шынайы күш пен инвестиция талап етеді. IOT жаппай енгізу "бұлтты технологиялар" жеткізушілерін байытады, ақылды құрылғылар деректерді аса мол көлемде ендіреді және оларды бір жерде сақтау керек болады.

5G желілерімен әлемде кім айналысады?

Бүгінде 5G технологияларымен айналысады: 1) зерттеу зертханалары (мысалы, Дрезден техникалық университеті жанындағы 5GLab Germany зертханасы); 2) ұялы байланыс операторлары (америкалық Verizon және AT&T, британдық Vodafone, шведтық Telia, япондық NTT DoCoMo жәнет.б); 3) телеком- құрылғы жеткізушілері (қытайлық Huawei, шведтық Ericsson, финдық Nokia, америкалық Qualcomm, оңтүстік кореялық Samsung және т.б). Ұялы байланыс операторлары IT- компанияларымен бәсекелесудің нәтижесінде көп шығынға ұшырап жүр. Мысалы, мессенджерлердің пайда болуын назардан тыс қалдырғандығын айтсақ болады. 5G операторларға өткеннің есебін толтыруға және заттар интернеті технологиясының жаңа толқындарын бағындыруға үлкен мүмкіндік береді. Телеком-компаниялар құрылғы жеткізушілермен серіктесіп, 5G желісінің мүмкіндіктерін барынша тестілеп жатыр. Олар бәсекелестерінің деректерді тасымалдаудағы рекордтарын жаңартуға тырысуда. IT алыптары да құр алақан емес. Мәселен, 2015 жылы Google SkyBender деп аталатын ұшақтарға арналған 5G құпия проектісін ұшырды.

5G Қазақстанға не ұсына алады?

Біріншіден, барлығына бірдей қолжетімді жоғары жылдамдықпен алыстағы ауыл-аймақтар мен қала сыртындағы елді мекендерді қамтамасыз етеді. Мысалға, Қазақтелекомның деректері бойынша, қазір ауыл- аймақтарға xDSL бойынша 400 мың абонент (8 Мбит/с дейін), FTTh- 25,4 мың (оптика, 300 Мбит/с дейін), LTE бойынша 18 мыңнан аса абонент (орташа есеппен 16 Мбит/с), EVDO бойынша- 39,3 мың абонент (18 Мбит/с дейін) 5G желісіне өткен соң олар өздерінің каналдарын 1 Гбит/с және одан жоғарыға кеңейтуге мүмкіндік алады. Қала сыртындағы елді мекендермен қоса, 5G ауыл мектептері мен ауруханаларына интернетке кеңжолақты қолжетімділік ұсынады. Жоғары жылдамдықты интернет емделушінің дәрігермен видеобайланыс арқылы тілдесетін телемедицинаның дамуына септігін тигізеді. Сонымен қатар, қазақстандағы 7160 мектептің жартысынан көбі ауылдық елді-мекендерде. Олардың 90%- на қолжетімді интернеттің жылдамдығы 4 Мбит/с- тан жоғары. Бұл жылдамдықтың заманауи сандық білім беруді дамыту үшін жеткіліксіз екені анық. Байланыстың бесінші буыны бұл мәселені шешуге көмектеседі.  АО «Қазақтелеком» инновациялар бойынша атқарушы директоры Нурлан Мейрманов.ты айтуынша, барлық ауыл-аймақ жоғары сапалы интернетпен қамтамасыз етіледі. "Біз алдағы 3 жылда 1057 денсаулық сақтау мекемелерін, 1316 мектепті жоғарғы сапалы интернетпен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. Бұл денсаулық сақтауды сақтандыру проектілерінің толыққанды дамуына және орта білімнің тек қала мектептерінде ғана емес, барлық ауыл- аймақта жетілуіне жағдай туғызады",- деп растады АО «Қазақтелеком» инновациялар бойынша атқарушы директоры Нурлан Мейрманов. Екіншіден, барлық абонеттерге байланыстың бірыңғай сапа деңгейі және трафикке бағалардың төмендеуі. 5G - қымбат технология. Егер 3G/4G кезінде әрбір операторға өз желісін құру тиімді болса, 5G-мен жағдай мүлдем бөлек. Сарапшылар жаңа желі құрылысына керекті инвестициялар деңгейін 4G желісіненең кем дегенде 5 есеге қымбатқа бағалап отыр. Бұл жағдайдың өрбуінің бірнеше нұсқасы бар. Мәселен, Ұлыбританияда British Telecom операторлары елді біртұтас инфрақұрылымды оператор жасауды жоспарлап отыр. АҚШ- та, Жапонияда және Оңтүстік Кореяда желіні бірнеше операторлар арасында аймаққа бөліп, ортақ бір желіні бірігіп пайдалану жоспарлануда. Осы іспеттес жобаларда шеринг (ортақ пайдалану) жаңалық емес,  4G желісінің құрылысында да бұл жиі қолданылды. Беларусияда 4G желісі бірыңғай мемлекеттік оператор BeCloud- тың көмегімен салынды, ал Қазақстанда «Билайн» және Kcell  арасында 4G желісін бірігіп пайдалану туралы келісім бар. Үшіншіден, IT саласының дамуына және мемлекетті сандандыруға үлес қосады. «Нокиа Қазақстан» басшысы Михаил Намның болжамынша, алдағы 5 жылда 500 млрд теңгеге дейінгі инвестиция құйылмақ. "5G желісінің құрылысы мобильді байланыс операторларының ғана емес, барлық тіркелген операторлардың құрылымын өзгертуді талап етеді. Радиожиілік желісінің виртуализациясы, network slicing, сондай-ақ жоғары спектрлі  жиілікті қолданатын көлік инфрақұрылымына қойылатын жоғары талаптар, 4G желісін енгізгендегіге қарағанда, 3-5 есеге артық инвестицияны талап етеді. Біздің есептеуімізше, алдағы 5 жылда шамамен 500 млрд тенге",- деді Михаил Нам. Негізінде 5G желісін дамытудың 5 жылдық бағдарламасы орта есеппен алғанда, соңғы жылдар ішінде желілік инфрақұрылымға жасалған инвестициялар сомасына тең. Яғни, 5G тұрғызу мемлекет үшін қымбат болғанымен, шамасы жететіні анық. Қазақстанда желілер алдымен жергілікті инфрақұрылымдық инвесторлардың ақшасына салынады. ҚР ҰЭМ статисттка комитетінің деректері бойынша, соңғы 10 жылда елімізде желіні дамыту мен жабдықтауға 1 трлн теңге инвестицияланды. Оның  51% Қазақтелекомның ақшасы (мұнда ауылдық инфрақұрылымды дамыту бағдарламары да кіреді). Ауыл туралы айтар болсақ, мемлекетімізде ауылдық инфрақұрылымға жасалған инвестициялар, 5G желісін дамытуда анықталған негіз қалыптастырды. Мысалы 6744 ауылдың 98%- да интернет бар, олардың 66 %  кеңжолақты қолжетімділікке ие. Сонымен бірге, 2019-2021 жылдарда оптикалық- талшықты желіні дамытып, тағы 1249 ауылдық елді мекенді кеңжолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Бұл - елдің аумағында 5G желісінің дамуына керемет мүмкіндік. Сонымен, 5G дегеніміз:
  • 5G мобильді байланыс ғана емес, бұл барлық Қазақстан үшін үй ішіндегі қолжетімді интернет.
  • 5G алдағы 5 жыл ішінде елді мекендерді жоғары жылдамдықты интернетпен 100% - ға  дейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
  • Қарапайым адамдар үшін 5G үйдегі  wi-fi-дың  орнын басатын ыңғайлы әрі тиімді таптырмас құрал. Бүкіл маңайдағы үй құрылғылары  (теледидар, компьютер, тоңазытқыштар, телефондар және т.б) бір 5G желісіне қосылады және бір- бірімен интернет арқылы үй іші виртуалды  жеке желілер аясында байланысады.
  • Бизнеске 5G заттар интернетінің күшін  толық  қуатта пайдалануға мүмкіндік береді (оның ішінде индустриалды IoT/MZM  проектілерін, ауыл шаруашылығында)
  • Болжамдар бойынша, 2025 жылы Қазақстанда 100 млн-нан астам құрылғы заттар интернетіне қосылады.

Похожие материалы