Алматы. 25 сәуір. 7kun.kz - Төртінші рет ұйымдастырылып жатқан Home Credit Tengri Ultra 2018 марафоны 6-7 мамыр күндері Іле өзіненде орналасқан Тамғалы таста өтеді.
Ұлы дала марафоны деген атпен танымал болған шараға қатысушылардың саны биыл айтарлықтай өскен. Марафонға алдын ала тіркелгендер арасында бұған дейін әлі қатыспаған елдердің де азаматтары бар. Ұйымдастарышулардың айтуынша, төртінші рет өтейін деп жатқан марафонға кемінде 22 елдің мыңнан астам азаматы қатысады. АҚШ, Ұлыбритания, Нидерланды, Польша, Испания, Болгария, Италия, Чехия, Түркия, Қытай, Жапония, Сингапур, Оңтүстік Африка Республикасы және тағы басқа да ел өкілдері Ұлы дала марафонында жүгіру үшін Қазақстанға келеді.
Tengri Ultra трассасын International Trail Running Association халықаралық ұйымы ресми сертификаттаған. Бұл өз кезегінде жүгіруге қатысушыларға ұпай беріп, басқа да жалпы әлемдік марафондарға қатысу мүмкіндігін береді.
Марафонда 15, 35 және 70 км-ден тұратын үш қашықтықта жүгіруге болады. 70 км-лік маршрут сегіздік формасында және 600 метрге дейінгі биіктікті басып өтеді. Сонымен қатар, марафонда скандинавия жүрісі бойынша жеке жарыс болады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрермендерге арналған садақтан оқ ату, ұлттық музыка аспаптарында өнер көрсету, шамандық ырымдар, ескі салт-дәстүрлер және басқа да ерекше шаралар өтеді.
Ұлы дала марафонының басты серіктесі әрі титулды демеушісі биыл да Home Credit Bank болды.
"Халықаралық марафондарға, оның ішінде Тенгри Ультра марафонына жиі қатысатын адам ретінде соңғы уақытта Қазақстанда жүгіру және салауатты өмір салтын ұстану жыл сайын танымалдыққа ие бола бастағанын байқаймын. Тенгри Ультра - тек қарапайым марафон емес, жиырдаман астам елдің мыңға жуық атлеттерін жинайтын ерекше оқиға. Біз Tengri Ultra Series аясында өткен барша марафонға бас серіктес бола отырып, Қазақстандағы салауатты өмір салтынының дамуына қосып жатқанымызды мақтан тұтамыз",- деді Home Credit Bank-тың басқарма төрағасы Ондржей Кубик.
Айта кетейік, марафонға қатысу үшін шараның ресми сайтында тіркелу қажет.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024