Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

6 айда Қазақстанда 8 мыңнан астам компания жойылды

6 айда Қазақстанда 8 мыңнан астам компания жойылды

Алматы. 6 тамыз. 7kun.kz – Қазақстанда 2018 жылдың I жартысында компания 8,2 мың жойылды.

2017 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда (3,7 мың компания) жабылған компаниялардың саны 2,2 есе өсті.

Заңды тұлғалардың басым бөлігі сауда саласында жойылды. Жарты жыл ішінде осы секторда 3,1 мың компания өз қызметін аяқтады.

Құрылыс секторындағы 722, ғылыми қызмет саласындағы 548 , өңдеу өнеркәсібіндегі 549 компания жабылды .

Ауыл шаруашылығында - 532, қызмет көрсету саласында - 480, қаржы және сақтандыру қызметінде - 416 компания таратылды.

Сонымен қатар, 258 білім беру мекемелері, 247 көлік компаниялары мен 201  жылжымайтын мүлікпен айналысатын фирма жабылды.

Ұқсас материалдар