Астана. 16 қараша. 7kun.kz – Ұлттық банк өкілдері әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Әлеуметтік желіде тарап жатқан 60 мың теңге номиналындағы банкнот шыққаны туралы мәлімет шындыққа жанаспайды. Жаңа номинал шығару үшін ел экономикасының қажеттігінен туындаған объективті себептер болуы керек. Қазір мұндай қажеттілік жоқ. Сондықтан жаңа жоғары номинал шығару жоспарда жоқ», – делінген ҰБ хабарламасында.
Ұлттық валютаның қолданыстағы банкноттары туралы ақпаратты Ұлттық банктің сайтынан алуға болады.
Қазір мерейтойлық, естелік банкноттар мен монеталардың жоғары номиналы – 20 000 теңге екені атап өтілді.