Астана. 30 наурыз. 7kun.kz - Ұлттық компаниялардың табысы артып келеді. 2016 жылдың қорытындысы бойынша, соңғы тоқсандағы шығындарына қарамастан, олар 240 млрд теңге таза табыс тапқан. Бұл туралы ranking.kz сараптама агенттігі хабарлады.
Ұлттық компаниялардың өткен жылдың соңғы тоқсанында шығындары артқанымен, жалпы есепте олардың таза табысы (салыққа дейін) 240 млрд теңгені құраған. Естеріңізде болса, 2015 жылы мұндай холдингтер 449 млрд теңге шығынға ұшыраған еді.
Сараптама агенттігінің айтуынша, өткен жылғы олардың табысы алғашқы екі тоқсандағы нәтижелі жұмыстардың әсерінен түскен. 2016 жылдың алғашқы жартысында жалпы пайда 146 млрд теңгеге жетсе, 3-тоқсанда табыс 115,5 млрд теңгеге артқан.
Дегенмен, жыл соңында табыс тоқтап, 21,4 млрд теңге көлемінде шығын келген. Агенттік сарапшылары 2015 жылғы шығын көп болған көрсеткішті есептемегенде, өткен жыл соңғы 5 жылдағы жұмыс нәтижелі болған жылдардың бірі болғанын айтады.
Бірақ 2016 жылы таза табыс біршама азайған. Өткен жылы ұлттық компаниялардың жалпы табысы 25 пайызға немесе 625 млрд теңгеге азайған.
Табыстың азаюы көбіне негізгі қызмет түрлері есебінен - сауда мен қызмет тарапынан азайған. Бір жылда бұл саладан түсетін табыс саны 511 миллиард теңгеге артқан. Қаржыландырудан келетін табыс та 140,5 миллиард теңгеге азайған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024