Депутаттар KAZNEX Invest компаниясын «шектен тыс қағазбасты» деп сынады
Астана. 30 наурыз. 7kun.kz - «Ақ жол» партиясының депутаттары «KAZNEX Invest» АҚ мен «КазЭкспортГарант» экспорттық-кредиттік корпорациясы» АҚ компанияларын шектен тыс қағазбасты деп сынға алып, инвестициялар мен даму министрі Жеңіс Қасымбекке шағымданды.
«Қазіргі уақытта отандық тауарларды экспорттауда «KAZNEX Invest» пен «КазЭкспортГарант» корпорацияларының маңызы зор. Дегенмен соңғы уақытта «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясына технологиялық өнімдерді экспортқа шығаратын кәсіпкерлер аталған компаниялардағы процедуралар тым қағазбастанып кеткенін айтып шағымданды", - деп жазылған партияның сұраныс хатында.
Партия өкілдері KAZNEX Invest компаниясында келісім-шарт жасалғаннан кейін кәсіпкер шығындардың субсидиялау туралы өтініш беру үшін бір (!) жылға дейін күтуі керек екенін, ал қаржыны алу бірнеше жылға созылуы мүмкін екенін айтып наразылықтарын білдірді.
«Оның себебі, KAZNEX Invest Invest өтініштерді жылына бір рет қана қабылдайды. Ал қаржы жетпеген жағдайда өндірушілер бір жылға дейін күтуі керек. «Ақ жол» партиясы жұмыстың бұлай жүргізілуі компанияның экспорттаушылар қызметімен таныс болмауын білдіретінін айтады. "Оларға тауарды жарнамалап, көрмеге қою үшін, оны сертификаттау үшін қаржы келісім-шарт жасалғанға дейін қажет болады», - дейді депутаттар.
Олар министрге тауар экспорттайтын кәсіпорындардың шығын өтеу мерзімін қысқартып, ережелерді қайта қарауды сұрады. Сондай-ақ, мемлекеттік компаниялар жұмысының ашық болуын сұрады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024