Астана. 31 наурыз. 7kun.kz - 2016 жылы ҚР азаматтары ет, балық, жеміс-жидек пен көкөністі азайтып, нан, сүт, сүт өнімдерін көбірек ала бастады. Бұл туралы Ranking.kz сараптама агенттігі хабарлады.
Қазақстандықтар тәттілерді жеуді де азайтқан. Алдын ала жарияланған мәлімет бойынша, 2016 жылы орташа статистикалық қазақстандық өткен жылмен салыстырғанда нан мен нан өнімдерін 1 пайызға көп жеген. Сүт пен сүт өнімдерін бір жыл ішінде 1,2 пайызға, жұмыртқаны 0,7 пайызға, кортопты 0,5 пайызға көп жейтін болған. Ал майлы тағамдарды 1,9 пайызға көбейткен.
Бірақ ҚР тұрғындарының рационында пайдалы өнімдер азайған. Бір жыл ішінде ет пен ет өнімдерін 0,6 пайызға, көкөністі 0,5 пайызға азайтқан. Елде бағалардың өскені соншалықты, қазақстандықтар жеміс-жидектерден бас тартуға мәжбүр болған (-4,5 пайыз), балық пен теңіз өнімдерін (-3,7 пайыз) және тәттілерді (-3 пайыз) азайтқан.
Республика тұрғындарының таңдауына экономикалық жағдай мен халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысының азаюы, инфляцияның өсуі себеп болғаны айтылады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024