Алматы. 3 сәуір. 7kun.kz - Бүгін Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданарлық сотында Мұхтар Әбілязов пен оның сыбайластарына қатысты басты сот талқылауы басталады.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, судья қорғаушылар тарапының алдын ала сот тыңдауында мәлімдеген өтінішін қанағаттандырмады. Бірақ сотталушы Мамештің қорғаушысы адвокат Клименкоға қылмыстық іс материалдарымен танысуға рұқсат берілді.
17 наурыз күні аталған қылмыстық іс бойынша алдын ала сот тыңдауы өткен. Басты фигурант - Мұхтар Әбілязов белгісіз себептермен сотқа келмеді. Отырыстың барлық қатысушылары сот талқылауын Әбілязовтің қатысуынсыз өткізуге қарсылық білдірген жоқ.
Айта кетейік, БТА банкінің бұрынғы басшысы Мұхтар Әбілязов Қазақстанда, Ресейде және Украинада барлығы 11 бап бойынша айыпталды. 2009 жылдың 6 наурызында Әбілязовке халықаралық іздеу жарияланды.
Естеріңізде болса, Мәскеу арбитраж соты ағылшын сотының шешіміне келісті. Олар қазақстандық БТА банктің өтініші бойынша Ресей аумағында Англия мен Уэльс Жоғарғы сотының қаржы институтының бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовтан айыппұл тәркілеу шешімін іске асыру туралы арызын мақұлдаған еді. Оған сәйкес, Әблязовтан 420 млн доллар тәркіленетін болған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024