Алматы. 3 сәуір. 7kun.kz - 23 сәуірде "VI Алматы Марафоны" өтеді. Орталық Азиядағы ең ірі спорттық іс-шараға салауатты өмір салтын ұстанып, қайырымдылыққа үлес қосамын деген әрбір азамат қатыса алады.
Жүгіру 42 шақырым, 21 шақырым, 10 шақырым, 3 шақырым (10-14 балаларға арналған) скандинавия жүрісі немесе Экиден (корпоративтік эстафета) қашықтықтары бойынша өтеді.
Қатысушылар Тұңғыш Президент саябағынан бастап Орталық стадионға дейін жүгіреді.
Марафонға 17 сәуір сағат 24:00 дейін ғана тіркелуге болады. Ал бірінші сәуірге дейін үлкендерге қатысу құны 4000 теңге болса, 1 сәуірден бастап 5000 теңге. Ал балалар үшін марафонға қатысу құны 2000 теңге.
"VI Алматы Марафонының" бас серіктесі Kaspi Bank тағайындаған жалпы жүлде қоры 1 млн 600 мың теңге. Бұл марафон қашықтығын толық жүріп өткен жеңімпаздарға арналады.
"Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында 21-22 сәуірде өтетін спорт жәрмеңкесінде "VI Алматы марафонына" старт нөмірлері беріледі. Экспоненттер ретінде спорттық тауарлар мен қызметтерді ұсынатын компаниялар болады. Спорт жәрмеңкесінде БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз конференциясы мен қатысушыларға арналған брифинг, спорт мамандарының лекциялары өтеді. Сонымен қатар, "Алматы марафонының" сувенирлік өнімдері сатуға шығарылады", - деді "Алматы Марафонының" директоры Салтанат Қазыбаева.
Ұйымдастырушылар старттық нөмірлер берілетін Спорт жәрмеңкесі барысында және "Алматы марафонының" алдында ешкім тіркеле де, төлем жасай да алмайтынын ескертеді.
Ең үлкен спорттық іс-шараға қатысқысы келетіндердің 23 сәуірде өз нөмірімен стартқа шығу үшін және "Алматы Марафонынан" естелік медаль алу үшән асыққаны жөн.
"Алматы Марафоны" - қайырымдылықты көздейтін халықаралық марафондардың бірі. Бастапқы жарнадан түскен қаражат 6 арнаулы мекемедегі жобаларға жұмсалады. Яғни, 1500 денсаулығында ақауы бар балаға көмек ретінде беріледі.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024