Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

LG Electronics 2017 жылғы технологияларының жаңа нұсқасын таныстырды

LG Electronics 2017 жылғы технологияларының жаңа нұсқасын таныстырды

Алматы. 4 сәуір. 7kun.kz - LG Electronics (LG) компаниясы 2017 жылдың жаңа техникаларымен таныстырды. Оның ішінде OLED, SUPER UHD теледидарлары мен жаңа аудио жүйелер және мониторлар бар.

Дыбыс пен бейне үйлесімі 

OLED, SUPER UHD, FHD теледидарында Dolby Vision™ мен Dolby Atmos™ форматтары бар. Ондағы түрлі-түсті картиналар өте шынайы. Қою қара түсі мен таза дыбысы әрі қайталанбас дизайны  - бұл техникалардың басты ерекшелігі.

"Барлығы біреуінде" аудио жүйесі

LG X-Boom OJ98 акустикалық жүйесі музыка ырғағымен бірге жүреді. Бұл нұсқа орташа бойға шақтап жасалған, сондықтан оны басқару мен DJ-функциясын қосу ыңғайлы.

LG SJ9 саундбарында Dolby Atmos® технологиясы болғандықтан, ол 3D-кеңістікте дыбысты дәл таратады. Сол себепті сіз студияда басылған тұнық дыбысты естисіз.

Ауада қалқып тұратын BLUETOOTH-КОЛОНКА

Сымсыз сабвуфердің үстінде қалқып тұратын LG PJ9 колонкасы тамаша көрінеді. Бұл модель 10 сағатқа дейін жұмыс істей алады және дыбысының таралу ауқымы кең.

485105f1f71d42504d86dbd185d.jpg

Сапалы суреттер мен инновациялық технологиялар

LG Electronics ІТ-жетістіктерінің бірі иілгіш экраны бар UltraWide мониторы.

Dual-View Flat OLED екі жақты дисплейі ақпараттық контентті екі жақты көрсетеді және оны төбеде, қабырғада немесе бағанада өңдеуге мүмкіндік береді.

LG-дің жаңадан ұсынылған B2В технолгияларының тізімін 49WEC мөлдір әйнек экранды тоңазытқышы аяқтайды.

Похожие материалы