Санкт-Петербург. 4 сәуір. 7kun.kz – Санкт Претербургте 3 сәуірде сағат күндізгі үштер шамасында “Технологиялық институт” метро станциясында жарылыс болды, деп жазды gazeta.ru.
Ресейдің Ұлттық антитеррористік комитетінің хабарлауынша, қаза тапқандар саны-11, зардап шеккендер саны-45. Осыған байланысты қылмыстық іс қозғалған. Тексеру барысында терактіні жаңкешті лаңкес жасаған деген пайымдау бар.
БАҚ өкілдерінің хабарлауынша жаңкешті лаңкес Қазақстан азаматы Максим Аришев (өзге дереккөздерде Қарғызстан тумасы Акбаржон Джелилов). Алайда бұл ақпарат ресми ресми турде расталмаған.
Ресей Президенті Владимир Путин метрополитендегі жарылысқа байланысты Федералдық қауіпсіздік қызметіндегі жиналысқа қатысты. “Мен арнайы басқармалардың басшыларымен сөйлестім. Барлығын анықтап білу үшін, бағалау үшін құқық қорғау органдары барын салып жатыр”, – деді Ресей Президенті.
Қаланың вице губернаторы Анна Митянинаның айтуынша барлық зардап шеккен отбасыларға көмек ретінде үкімет 23 млн. руб. бөлген. Қаза тапқандардың отбасыларына - 1 млн руб., ауыр жарақат алғандарға - 500 мың руб., жеңіл жарақат алғандарға - 250 мың руб. бөлінді. Осыған сәйкес қалада үш күндік қаралы күн жарияланды.
ҚР СІМ Санк-Петербургтегі терактіге байланысты қазақстандық Максим Арышевтің қатысы бар деп асығыс шешім қабылдамауға шақырды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024