Алматы. 5 сәуір. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 5 cәуірдегі доллардың орташа бағамы 312,13 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.
KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 311,98 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 312,60 тг, сауданың аяқталуы кезінде 312,03 тг болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 62 млн 400 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 144.
Ақша айырбастау орындарында 5 сәуірдегі доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11:00) Алматыда 313,5 теңгені құраған.
Айта кетейік, 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап шетел валюталарына қатысты теңге курсын белгілеу туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді долларға қатысты теңгенің орташа ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша белгіленеді.
Похожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





