Алматы. 10 сәуір. 7kun.kz - ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек 2017 жылы Қазақстанда ақылы жүйеге ауысатын жолдар туралы айтты.
«Жобалардың аяқталуына қарай кезең-кезеңмен жолдарға ақылы жүйені енгізу ескерілген. Осы орайда жолдарды күтіп ұстау қамтамасыз етіліп, бюджетке жүктемені төмендетеді. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 2020 жылға қарай ақылы жүйе 6 мың шақырымға, ал кейіннен 7 мың шақырымға дейін енгізіледі.
Осы жылдың желтоқсанында «Астана-Теміртау», «Алматы-Қапшағай», «Алматы-Қорғас» учаскелерінде төлем жасау жүйесі іске қосылады. Осы жолдардың жалпы қашықтығы 500 шықырымға жуық», - деді министр Мәжілістегі Үкімет сағаты барысында.
Осы орайда Астана мен Бурабай аралығында ақылы жүйе бірнеше жылдан бері жұмыс істеп тұрғанын еске салып өткен Ж. Қасымбек бүгінде бұл жолда жиналатын қаржы автобанды күтіп ұстауға жеткілікті болып отырғандығын айтты. «Тариф құны өзгерген жоқ, яғни жеңіл автокөлік үшін шақырымына 1 теңге, ал жүк көліктеріне 6-дан 10 теңгеге дейін.
Осы ретте бюджеттік қаржыландырусыз жолдың сапалы деңгейін сақтауға мүмкіндік бар. 2022 жылға дейін 7 мың шақырым жолды ақылы еткеннен кейін, барлық жолдарды республикалық бюджеттің қатысуынсыз күтіп ұстай аламыз деп пайымдаймыз», - деді министр.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 2016 жылы Астана мен Бурабай аралығындағы ақылы жолда жиналған қаржының көлемі 1 млрд 251 млн теңгені құрады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024