Алматы. 12 сәуір. 7kun.kz - Алматы қаласында Қазақстан ұлттық банкі өкілдерінің қатысуымен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жанындағы Қоғамдық кеңестің үшінші отырысы өтті. Бүл туралы ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Жиын барысында заманауи зейнетақы жүйесін дамыту мен жаңғырту, БЖЗҚ зейнетақы активтерін басқару мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, қоғамдық кеңестің және ұлттық банктің өзара іс-қимыл тетіктері сияқты көптеген басқа да мәселелер қаралды.
ҚР ҰБ Бағалы қағаздар нарығы департаменті директорының орынбасары Елена Никифорова қатысушыларға Қазақстан үшін зейнетақы әртараптандырылған үлгісін сақтаудың маңыздылығын айтты. Себебі, зейнетақы жүйесі ел экономикасының ажырамас бөлігі. Демографиялық факторлар мен экономикалық жағдайлар елдің зейнетақы жүйесіне айтарлықтай әсер етеді. Сондықтан да елдердің көпшілігі зейнетақыны әр түрлі жолдармен төлеуді көздейді. Сол үшін зейнетақы жүйесінің әртараптандырылған үлгісін сақтау керек», – деп атап өтті ол.
Қазақстанның зейнетақы қызметтері нарығында бәсекелес ортаны қайта жаңғырту қажет – Н. Тұрсынханов
ҚР Ұлттық Банкінің Монетарлық операциялар департаменті директорының орынбасары Нұржан Тұрсынханов зейнетақы активтерін басқару жүйесі реформасының негізгі мақсатын атап өтті. Ол - салымшыға басқарушы компанияны таңдау құқығын беру.
Н. Тұрсынханов БЖЗҚ-ның зейнетақы жүйесі бойынша барлық қаржы ағындарының бірыңғай басқарушысы болады деп толықтырды. Оның пайымдауынша, ұлттық банк зейнетақы активтерін жосықсыз басқаруды қатаң бақылайтын болады. «Осы ұсыныстарды іске асыру Қазақстан Республикасының заңнамасына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізуді талап етеді», – деп түйіндеді ол.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024