Суреттегі Тәуекел - отбасының тұңғышы. Бала ауыра бастаған соң, жауапкершілікті түсіне алмаған әкесі сүйіп алған жарын, тәтті баласын осындай қиын сәтте тастап кетті. Бірақ ананың аты ана - Берекет құрбымыз басына түскен бұл қиындықпен өзі қалды.
Диагноз: ДЦП, спастико-гиперкинетикалық формасы. Түсінікті тілмен айтқанда: Тәуекел физикалық түрде дамымай жатыр. оған қазір 1 жыл 8 ай. Бұл уақытта барлықтарыңыз білесіздер баланың мойны қатып, отырып, ақырындап аяққа тұра бастайды. Негізі бұл дәрігерлердің қателігі, бала анасының құрсағында сау болған. Дұрыс босандырмағанның нәтижесінде, қазір бала тіпті тамақ ішуге қиналады. Сондықтан пищевой зонтпен тамақтанады.
Қытайда алғашқы емін қабылдағаннан кейін құрбымыз нәтижесін байқайды. Суретке қарасаңыз мойнын ұстап, отыруға дағдылануда. Ол жаттығулар кезінде қатты қиналады, бірақ Тәуекел де тырысып жатыр. Ол да бақытты, дені сау болғанын қалайды, соған еңбек етіп жатыр.
Қазір Тәуекелдің емін жалғастырып, екінші және үшінші емін алу үшін 24.000$ (7 500 000тг шамамен) мұқтаж! ШІЛДЕГЕ дейін. Біз сенеміз сіздер жақсы жансыздар және көмектесесіздер! 1500 адам 5000тг немесе 2000адам 3750тг-ден көмектессе, олар ауруды жеңеді. Тәуекел мен Берекеттің сіздерден үміті зор. Жас анаға көмектесейік!
Бұл жағдай әрбір отбасында болуы мүмкін! Жұмыла көтерген жүк жеңіл.
КИВИ КОШЕЛЁК: 8705 692 45 28 Алушы волонтёр - Галкина Ирина Владимировна
KASPI BANK: KZ62722R000087008261
Тәуекелдік анасы Берекет Айтенова: 8775 845 63 32
Редакциядан
Құрметті оқырман!
Әртүрлі ресурстарда емделу үшін немесе жағдайы төмен отбасыларға көмектесуді сұраған ақпараттарды жиі көреміз.
Біздің редакциямызға да ондай хаттар жиі келеді.
Мұқтаж жандарға ақпараттық тұрғыдан көмектесу және көмекке мұқтаж жандарды бір ресурсқа топтастыру мақсатымен осы айдарды ашуды жөн деп санадық.
Егер әлеуметтік желі, сайттардан көмек сұраған хабарландыру көрсеңіз немесе өзіңіз мұқтаж болсаңыз толық мәліметтерді (сурет, не үшін қажеттігін көрсетіп, қаражат аударуға қажетті реквизиттерді, байланыс мәліметтері) көрсетіп info@7kun.kz почтасына немесе +7 700 973 83 77 нөміріне whatsapp арқылы жіберуді сұраймыз.
Қазіргі кезде шын мұқтаждардан бөлек, түрлі алаяқтық оқиғалар көбейгендіктен мәліметтер редакция тарапынан тексеріліп барып жарияланады.
Мәлімет сайтпен қатар әлеуметтік желідегі парақшаларға да салынады.
Әлеуметтік жобалармен айналысатын түрлі компанияларға жіберіледі.
Редакция қаржылай көмек көрсетпейді. Сіздің ақпаратыңызды ары қарай тарату үшін жариялайды. Редакция қайырымды жандардың қаражатын қабылдамайды. Мұқтаж адамға көмекті көмек сұраған адамдардың реквизитіне тікелей жіберуіңізді сұраймыз.
Редакция мұқтаж жандар туралы қосымша ақпарат бермейді. Қосымша ақпаратты көрсетілген байланыс нөміріне тікелей жіберуіңізді сұрайды. Редакция әлеуметтік желідегі көмек сұраған хабарландыруларды тексеріп, көшіріп басады.
Егер ол хабарландыру маңызын жойса, көмек қажет емес болса, сайттағы ақпарат қате болса info@7kun.kz почтасына немесе +7 700 973 83 77 нөміріне whatsapp арқылы ескертуді сұраймыз.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024