АҚШ-та өткен жылы болған президент сайлауында көбі Хиллари Клинтон жеңіске жетсе Билл Клинтонның өмірі қалай өзгеретінін болжады. Бірақ сайлау қорытындысынан кейін мұндай талқылаулар сап тыйылды. Басқа елдерде бұл мәселе оңай шешілген: әйелі президент я премьер-министр ерлерді «бірінші ханым» секілді «бірінші мырза» деп атайды. 7kun олардың мемлекетті ресми ролі туралы зерттеп көрді.
Бірінші мырзалардың саны қанша?
Соңғы жарты ғасырда әйелдер 59 елде президент я премьер-министр лауазымын атқарған. Бірінші әйел-премьер ретінде 1960 жылы Шри-Ланкада Сиримаво Ратватте Диас Бандаранаике тағайындалса, алғашқы президент болып 1974 жылы Аргентинада Исабель Перон сайланды. Тап қазіргі уақытта президент я премьер қызметіндегі әйелдер саны – 15. Оның оны – тұрмыста.
Ұлыбританияның премьер-министрі Тереза Мэй күйеуі инвестициялық банкир Филип Мэймен отасқанына 40 жылға жуық уақыт болды. Германия канцлері Ангела Меркельдің күйеуі Иоахим Зауэр химик болса, Норвегияның премьер-министрі Эрна Сульбергтің күйеуі Синдре Финнес - норвегиялық кәсіпорындар мен өндіріс салалары федерациясының қызметкері. Олардың екі баласы бар.
[caption id="attachment_67746" align="alignleft" width="277"] Суретте Австралияның бұрынғы премьер-министрі Джулия Гиллард азаматтық күйеуі Тим Мэтисонмен.[/caption]Әйілімен ажырасып, отбасылы болмаған Франция президенті Франсуа Олландпен болған жағдай секілді кейбір мемлекет я үкімет басшыларының ресми күйеуі жоқ. Мысалы, Австралияның экс-премьері Джулия Гиллард қызметіне кіріскен кезде шаштараз Тим Мэтисонмен төртінші жыл кездесіп жүрген еді. Кейіннен Джулия халықтың мұндай жағдайға түсіністікпен қарайтынын айтқан: АҚШ-та балаң болмаса я тұрмысқа шықпасаң, мұндай жоғары лауазымды қызметке тағайындалу ықтималдығы өте төмен.
Дегенмен, мұндай постыда Литва президенті Даля Грибаускайте мен Кореяның бұрынғы президенті Пак Кын Хе секілді ажырасқан әйелдер де отырған. Кын Хе мұндай шешімін жұмысына отбасының кедергі келтіргенін қаламайтынын айтып түсіндірген.
Кейде әйел-премьердің бірінші мырзасы емес, ханымы болатын жағдайлар да кездеседі: 2010 жылы Исландияда бір жынысты некеге рұқсат берілгенде, сол кезде елдің премьері қызметіндегі Йоханна Сигурдардоттир өзінің «әйелімен» некелерін қиды.
Бірінші мырзаның міндеті қандай?
Бірінші ханым секілді, мырзаның да міндеттері әр түрлі болады – бірақ нақты жазылған құжат жоқ. Оның жауапкершілігіне ресми резиденцияны қамқорлығына алу, қабылдауларды ұйымдастыру мен қайырымдылық қорын басқару секілді істер артылады. Бірақ Мальтада жағдай бұлай емес: президенттің әйелі не күйеуі өзінің жұмысын тастап, қоғамдық жұмыстар мен қайырымдылық шараларымен айналысуы тиіс.
[caption id="" align="alignnone" width="831"] Көрнекі суретте Германияның канцлері Ангела Меркель мен күйеуі Ульрих Меркель.[/caption]Бірақ ондай міндетті талап болмаса да, мұндай жұмыспен айналысуға өзі бекінетін бірінші мырзалар да кездеседі. 2010-2013 жылдары Австралияның премьер-министрі болған Джулия Гиллардтың азаматтық некедегі күйеуі Тим Мэтисон осылай жасады. 53 жастағы стилист-шаштараз қызметін тастап, қайырымдылық шараларын ұйымдастырумен айналаса бастады. Сондай-ақ, елдегі денсаулық сақтау министрінің ерлер денсаулығы мен оларды жұмыспен қамту істері бойынша көмекшісі қызметін де атқарды. Кейіннен әйелі бұл постынан түскенде қызметтен кеткен бірінші мырза өзінен кейін тағайындалған бірінші ханымның жұмысын біраз сынға алып, «немен айналысып жүр өзі? Неге қайырымдылық жасауға қызықпайды? Өз басым үш жылда 60 шараға қатыстым» деген еді.
Бірінші мырзаның бірінші ханымнан қандай айырмашылығы бар?
Турасын айтқанда еш айырмашылығы жоқ. Нақты айналысатын шаруасы болмағынан бөлек, бірінші ханымдар секілді олардың да киімдері мен айналысатын істері саржағал БАҚ-тың төтенше назарында болады.
Бірақ олардың танымалдығы мен басылымдарда жиі аталуы көбіне бірінші мырзалардың жеке шешіміне байланысты да болып жатады. Мысалы, Норвегия премьер-министрінің күйеуі Синдре Финнес өзіне бұл қызметінің қатты ұнайтынын бірнеше рет айтқан еді, БАҚ-пен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Ол жергілікті басылымдарға Солтүстік Еуропадағы ел басшыларының «серіктері» арасындағы жалғыз бірінші мырза болу қалай екенін айтып, әйелі ресми кездесуде жүргенде Мишель Обамамен күнді қалай өткізгені туралы қуана бөліскен еді.
[caption id="" align="alignnone" width="978"] Суретте Норвегия премьер-министрі мен күйеуі Синдре Финнес.[/caption]Бірақ басылымнан басын аулақ ұстайтын бірінші мырзалар да жоқ емес. Әлемдегі ең ықпалы әйелдердің бірі Ангела Меркельдің күйеуі Иоахим Зауэр – солардың бірі. Гумбольд атындағы Берлин университетінің профессоры болып қызмет атқаратын ол Меркель премьер лауазымына кіріскеннен бастап бірінші мырза екеніне еш назар аудармастан, ондағы ресми үрдістер мен шараларға қатысқан жоқ. Тіпті Меркельдің инаугурациясына келмеді: өзінің айтуынша, зертханадағы теледидардан тікелей трансляцияны тамашалап отырған.
2005 жылы Байрейт фестивалінде сұрақ қойған журналистердің бірінде «мен сіздің микрафоныңызға ештеңе деп жауап бермеймін» деген болатын. Осылайша, ол 12 жылдан бері ол өзінің жеке өміріне басылымның ешқайсын маңайлатқан емес.
Олар жұмыс істей бере ме?
Бірінші ханымдар мен мырзалардың жалғыз ұқсастығы сол – олардың жұмыстарына ешқандай ақы төленбейді. Кезінде Тime журналында ерлер мен әйелдер арасындағы еңбекақы арасындағы айырмашылықты Ақ үйден бастауға кеңес берген мақала жарияланған еді: Мишель жұманың жеті күнінде 24 сағат жұмыс істесе де, ешқандай ақы алмайды. Олардың айырмашылығы да осында – «бірінші ханым» ролі үшін өз қызметінен бас тартуға мәжбүр әйелдермен салыстырғанда ерлер көбіне кәсібінде қалып жатады. Филип Мэй, Иоахим Зауэр, сондай-ақ Данияның экс-премьері Хелле Торнинг-Шмитттің күйеуі Стивен Киннок те осылай жасады. Сондай-ақ әйелі Аргентина президенті боп тағайындалған Нестора Киршнера елдің саяси аренасындағы ықпалды адамдардың бірі боп қала беруі де осының бір мысалы. Басылымдар ерлердің өз қызметінде қалу еркіндігі барын алға тартады да, мұның гендерлік теңсіздің және бір көрсеткіші екенін айтып, бірінші мырзаларды сынға алып жатады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024