Алматы. 19 сәуір. 7kun.kz - Танымал джаз әншісі Жанна Саттарова шұғыл түрде ауруханаға жатқызылады. Бұл туралы басылымдардың бірініе оның туған әпкесі Гаухар хабарлады.
Жанна Саттароваға үш жыл бұрын ішек обыры диагнозы қойылған. Ол шетелде ем қабылдады. Әншіге көмек көрсету үшін оның әріптестері концерттер өткізіп, түскен қаражатты оның шотына аударып отырды.
Жанна Саттароваға 2014 жылдың қазанында Сеул клиникасында ота жасалды. Екі жылдай әншіні сырқаты мазаламай, беті қайтқандай болды. Әнші қайтадан сахнаға шығып, қайырымдылық шараларға қатысып жүрді.
Алайда, 2016 жылдың желтоқсанында ауруы қайта асқынды. Қазір Жанна Саттаровоға шұғыл түрде ем қабылдау қажет. Қажетті дәрі-дәрмек шетелден алынады. Ал қолдауға мұқтаж ата-анасы қазақстандықтардан көмек сұрап, қаржы жинап жатыр.
Похожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





