Алматы. 19 сәуір. 7kun.kz - Қазақстандықтардың табысы азайғанмен, алып-сатарлардың кірісі көбейіп жатыр. 2016 жыл саудагерлер үшін соңғы төрт жылдағы ең табысты жыл болды. Бұл туралы finprom.kz сараптама агенттігі хабарлады.
Көтерме және бөлшек сауда шығын көбейген 2015 жылғы көрсеткіштерден әлдеқайда жоғары шамаға өсіп, кәсіпорындардың саудадан түскен табысы 587 млрд теңгеге жеткен. Естеріңізде болса, өткен жылы пайда келмей, шығын 37 млрд теңгені құраған еді.
Сараптама агенттігінің жазуынша, өткен жыл ірі кәсіпорындар үшін де, шағын скетор үшін де сәтті болған. Көтерме саудамен айналысатын ірі кәсіпорындар мен алып-сатарлар 294,6 млрд теңге табысқа кенелсе, шағын сауда ұйымдарының кірісі 292,7 млрд теңгеге жеткен.
Ал 2017 жылдың басынан бері, - дейді сарапшылар - сатып алу деңгейі тағы да өсіп жатыр, бұл өндіріс көлемін арттыруға ынталандырады. 2017 жылдың қаңтар-ақпан айларында сатып алу қабілетінің көрсеткіші 2016 жылмен салыстырғанда 0,6 пайызға артық.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024