Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Шахан трагедиясының құрбандары

Шахан трагедиясының құрбандары

Танысып қойыңыздар. Нұрсила мен Назерке -  Шаханда қазандық жарылып, үй құлаған тұста жоғалып кеткен Мейрамбек Жиембаевтың қыздары. Қыздардың үлкені бес жаста, кішісі үште. Қазір олар анасымен бірге, нағашысының бір бөлмелі пәтерінде барлығы алты адам болып тұрып жатыр. Жағдайлары көңіл көншітпейді, еденде ұйықтап, еденде тамақтанады. Бүлдіршіндер анасынан көп нәрсе сұрамайды да, тек әкелері тезірек келгенін қалайды. 

Вдова кочегара: а что еще нам делать? Фоторепортаж

5 жасар Назерке

Вдова кочегара: а что еще нам делать? Фоторепортаж

3 жасар Нұрсила

Жесір қалған Фатима Бұхарбаеваның айтуынша, қыздардың үлкені Назерке әкесіне ұқсаған екен. Тіпті, көзқарасы да. Бүлдіршін қыз төрт тілде онға дейін санай алады: қазақша, орысша, ағылшынша, өзбекше.

Ал оның сіңілісі Нұрсила анасына ұқсаған салмақты, күлімдеп қалған. 

Вдова кочегара: а что еще нам делать? Фоторепортаж

Қазір үйлерінде адам бұрынғыдан да көп - Қостанай мен Өзбекстаннан қайтыс болған Мейрамбектің туыстары келген. Қырқына дейін олар Фатиманың үйінде болады. Үйдің тарлығына ешкім шағым айтып жатқан жоқ. Басыңа күн туғанда жақындарыңнан басқа кім көмектеседі?

Вдова кочегара: а что еще нам делать? Фоторепортаж

Вдова кочегара: а что еще нам делать? Фоторепортаж

Вдова кочегара: а что еще нам делать? Фоторепортаж

Вдова кочегара: а что еще нам делать? Фоторепортаж

Вдова кочегара: а что еще нам делать? Фоторепортаж

Қонаққа келген үлкендер Фатимаға үй шаруасына көмектеседі. Ол ас дайындап жатқанда, қыздар Марал апасымен далаға ойнауға кетті.

Вдова кочегара: а что еще нам делать? Фоторепортаж

Вдова кочегара: а что еще нам делать? Фоторепортаж

Үйдің айналасындағы "көркем" пейзаждан жаның ауырады: сұрғылт аспан, сұрғылт үй, тіпті, адамдардың да қабағы қатулы. Ал балалар алаңының орнына қоқыс үйіндісі.

Вдова кочегара: а что еще нам делать? Фоторепортаж

Вдова кочегара: а что еще нам делать? Фоторепортаж

Вдова кочегара: а что еще нам делать? Фоторепортаж

Вдова кочегара: а что еще нам делать? Фоторепортаж

Вдова кочегара: а что еще нам делать? Фоторепортаж

Балалар ойнайтын жалғыз жер кіреберіске қарсы орналасқан гараждар ғана. Олардың айналасында жүгіруге, тығылмақ ойнауға болады.

Вдова кочегара: а что еще нам делать? Фоторепортаж

Қыздар ойнап жатқанда Марал апа Мейрамбектің қандай адам болғанын айтып берді. Өмір бойы отбасының қамы үшін ең қиын жұмыстарда істеген, ашық-жарқын, адал адам болған. Өзінің жары Фатимамен Өзбекстанда танысқан екен. Жастар отбасын құрып, тұңғыштары Назерке дүниеге келген соң оларға Қазақстанға келген. Мұнда оларға оралман ретінде баспана мен жұмыс беруді уәде еткен. Пәтер берілгенімен ол әлі күнге дейін  Шахан қаласының коммуналды меншігінде. Дәл осы жерге перзентханадан шыққанда Нұрсиланы алып келген.

Вдова кочегара: а что еще нам делать? Фоторепортаж

Бес жыл бойы Мейрамбек Қарағандыда, Теміртау мен Шахтинскте және Шаханда әртүрлі мекемеде жұмыс істеген. Азаматтық алуда қиындықтар туындағандықтан бейресми қызмет еткен. Біраз жыл бұрын құжатын жоғалтып алған соң, құжаттарын реттеу қиындай түскен.

Вдова кочегара: а что еще нам делать? Фоторепортаж

Ал соңғы жұмыс орнында, яғни от жағушы қызметіне кіріскеніне бір ай болған. Осындай қысқа мерзімнің өзінде ол тұрғындардың есінде жарқын жүзді, жұмысын бұлжытпай орындайтын адам ретінде қалды. Қазір олар Мейрамбектің кезегі келгенде қуанатынбыз дейді, себебі сол күні пәтерлер әдеттегіден жылы болатын.

Вдова кочегара: а что еще нам делать? Фоторепортаж

Апат болған жер

Жаңа жылдың аязды түнінде Мейрамбек үйіне жүгіріп келген. Үстіндегі киімі қара күйе беті күйген. Фатиманың айтуынша, ол ештеңе айтпастан, қыздарының бетінен сүйіп, асығыс шығып кеткен және жұмыста жарылыс болғанын айтқан. Бірер сағаттан кейін үйге адамдар келіп жарылыс болғанын хабарлайды.

Үйге келгендер "Мейрамбек жалғыз куәгер, оның тез тергеуге баруы қажет" деген.

Одан кейін үш ай бойы Мейрамбек үз-түзсіз жоғалғандардың қатарында болды. Ал БАҚ пен адамдар оны өзі кінәлі болғандықтан жасырынып жүр деп ойлаған. Бірақ оның денесі сәуірде қар ерігеннен кейін ғана табылды. Ал отбасында әкесінің естелігі ретінде бірнеше суреттер ғана қалды.

Вдова кочегара: а что еще нам делать? Фоторепортаж

Отбасылық сурет, архив

Осылайша Мейрамбек Жиембаев Шахандағы қайғылы оқиғаның кезекті құрбаны болды. Жарылыстан зардап шеккендерге арналған көмек қоры Фатимаға материалды көмек ретінде бір миллион теңге берген. Басында бұл отбасына қор есебінен пәтер алып беру де сөз болған.

Тек енді қамқорлық кеңесінің тұрғын үй үшін ақша шығындағысы келмей отыр. Мүмкін Фатима жарылған үй жөнделгенде бір пәтер алатын шығар. Бірақ оған да осыған дейін баспанаға кезекке тұрғандар мен жетімдер ғана қол жеткізуі мүмкін. Ал Фатима тағы да балаларымен далада қалмақ.

Вдова кочегара: а что еще нам делать? Фоторепортаж

Ал Фатиманың өзі жаман ойға барғысы келмейді. Қазір оған қыздарының жайын ойлау қажет. Билік өкілдері оларды балабақшаға орналастыруға көмектесеміз деп уәде берген. Сонда ол жұмысқа шыға алады. Ал біздің "Егер пәтер бөлінсе, онда тұруға қорықпайсыздар ма?" деген сұрағымызға ол: "Басқа не істейміз енді?" - деп жауап берді.

Вдова кочегара: а что еще нам делать? Фоторепортаж

Тек үйдің құлаған бөлігіндегі тұрғындар ғана емес, басқаларға да бұл үйде өмір сүру қорқынышты. Олар бізге кей жерлері "салбырап" тұрған тіреуіштерді көрсетіп, қыста құрылысшылар қалай жөндеу жүргізгенін айтып берді. Бетондар болса үгітіліп жатыр.

Вдова кочегара: а что еще нам делать? Фоторепортаж

Вдова кочегара: а что еще нам делать? Фоторепортаж

Жақын арада жасалған жөндеу жұмыстары көрініп тұр

Көмір, анығырақ айтқанда батпақ аралас шлак, жаңа қазандық бөлменің жанында жатыр. Ал уәде етілгендей отынға бөлінген арнайы орынның аты да жоқ.

Вдова кочегара: а что еще нам делать? Фоторепортаж

Ал көшедегі құдықтардың қақпақтары ашық жатыр. Бұл көрініс онсыз да қызыққұмар балалардың назарын аударады.

Вдова кочегара: а что еще нам делать? Фоторепортаж

Ал от жағушы Мейрамбектің туыстары да, ауылдастары да оның кінәлі екеніне сенбейді.  "Егер бізді билік керек етпесе, өзіміз бір амалын табуымыз керек", - дейді тұрғындар. Артынан жәймен ғана "олар дегендеріне жетті" деді.

Автор: Земфира МУСАБАЕВА Фото: Олег БИТНЕР Дереккөз: 101tv.kz

Похожие материалы