Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жеке табыс салығының экономикалық негіздері

Жеке табыс салығының экономикалық негіздері

Қандай да болмасын мемлекеттің өсіп – дамуының материялдық базасы – қаржыларды қалыптастыратын ең басты қайнар көздерге салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің жататыны белгілі.

Сонымен салықтар дегеніміз - мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде және мерзімде түсетін міндетті төлемдері болып табылады.

Экономикалық категория ретінде салықтар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың мемлекетпен екі арадағы мемлекеттік орталықтандырылған қаржы көздерін құруға байланысты туындайтын қаржылық қатынастарын сипаттайды.

Салықтардың экономикалық мәні:

  • Салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін көрсетеді;
  • Шаруашылық жургізуші субъектілер мен халық табысының белгілі-бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді.

Қазіргі кезде еліміздің бюджетінің кіріс көзін 90 пайызы* салықтардан тұрады. Ел экономикасы дамып, мемлекеттік бюджеттің кіріс көздері ұлғайған сайын салықтық түсімдердің де өсіп отырғаны байқалады. Себебі салықтың экономикалық табиғаты өндіріске байланысты. Өндіріс бар жерде табыс бар, одан алынатын салықтар да бар. Сондықтан салық өндірістің дамуына барынша өз ықпалын тигізіп, өндірушілердің ынтасын артыруға жағдай жасауы қажет. Салықтардың бақылаушылық қызметі арқылы салық механизмінің қызмет етуінің тиімділігі бағаланады, қаржы ресурстарының қимылына Салықтардың екінші маңызды қызметі ол, реттеушілік қызметі. Реттеушілік қызметі салық маханизмі арқылы іске асырылады. Оның ішіндегі негізгі тетіктері салық ставкалары мен салық жеңілдіктері. Салықтық реттеудің тетіктері тек қана өндірістің дамуын реттеп қана қоймай, сонымен қатар ақша және баға саясаты, шетелдік инвесторларды ынталандыру, шағын және кіші кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарын жүзеге асыруы қажет. Әрине салықтық реттеу тетіктері тиімді қызмет атқару үшін олардың басқа да экономикалық тетіктерімен тығыз байланыста болуы керек.

  1. Тарау. ЖЕКЕ ТАБЫС САЛЫҒЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ РӨЛІ

1.2 Жеке табыс салығының әлеуметтік – экономикалық мәні

Жеке табыс салығы классикалық салық түрі. С.Г.Пепеляевтің айтуы бойынша «жеке табыс салығы басқа салықтарға қарағанда жас» -  деп есептейді.

Бұл ең танымал және кең тараған салық түрі. Ең алғаш рет Англияда 1798 пайда болған бұл салық түрі Наполеонға қарсы соғыста қаржыландыру мақсатында енгізіліп, 1842 жылдан бастап ағылшынның салық жүйесінде тұрақты түрде орын алды. 1965 жылға дейін табыс салығын заңды және жеке тұлғалардың барлығы төледі. Корпорация пайдасына салынатын салық енгізілгеннен кейін, табыс салығын тек жеке тұлғалар ғана төлейтін болды. Салық реформалары жеке табыс салығының төменгі ставкасын 20 пайызға дейін төмендету болды. Жеке табыс салығы көптеген елдердің мемлекеттік бюджеттерінде қомақты үлесі бар, ол дегеніміз барлық салықтан алынған табыстың 12 пайызын (Франция) 41 пайызы (Канада) дейін. Бұл ең танымал және көп тараған салықтың түрі. Ол кез-келген мемлекеттің тұрғындарының көп бөлігін қамтиды. Дамыған елдердегі салықтан түсетін табыстар оның қомақты үлесінің негізгі себебі бұл елдердегі халықтың табыс деңгейінің өсіу болып табылады. Жеке табыс салығының дамыған елдердегі рөлі мен даму тенденциясына әр түрлі теориялық мектептер ұстанымдары үлкен әсер етеді.

Осы салықтың өндіріс және де әлеуметтік құралына әсеріне келгенде теоретикалық мектептердің көз қарастыры әр түрлі. Мысалға, экономикалық іс-әрекеттің маңызды ынталандырушы ретіндегі төлем мүмкіндігі бар сұраныстың ұлғаюын қарастыратын кейсияндықтар жеке табысқа прогрессивті шкала бойынша салық салу қажет дейді. Себебі төменгі табыс бірдестен тұтынуға кетіп, тұтынушылық сұранысты ұлғайта отырып, өндірістің өсуін ынталандырады. Ал табыстың жоғары болуы, оның көп бөлігін жинақтауға айналдырады, сонымен қатар бұл құбылыс өндірісті аса қатты ынталандырмайды. Сондықтанда жеке табысқа салынатын салықты жоғарылату өндірістің өсіун ынталандыруға еш кедергі әкелмейді.

Осылайша кейсияндықтар байларға прогрессивті салық салу мен қатар аз қамтылған халық бөлігін салықтан босату тұжырымдамаларын қорғай отырып, бұл шаралардың рөлінің тек ынталандырушы ғана емес, сонымен қатар оның әлеуметтік - әділдік сипатында негіздейді.

Монетаристер мен «Ұсыныс экономикасы» теориясының жақтаушылырының ұстанымдары мен көз-қарастары басқа. Олардың айтуынша, жоғарғы табыстан құралатын жинақтау инвестицияның көбеюуі. Соған сәйкес өндіріс үшін қаржы ресурстарын қалаптастырады. Осыған байланысты өндірістің өсуіне әкелетін төмен және пропорционалды табыс салығын ұсынып отыр.

Монитарстер мен «Ұсыныс экономикасы» теоретиктері бай таптарға жеке табыс салығын төмендетуін әлеуметтік әділдік пен бай таптардың ынталандырушы сипатына жүгіне отырып өз пікірлерін негіздейді. Өз шараларының әлеуметтік әділдігін олар қоғамда маңыздырақ, соған сәйкес жоғарғы табысты қызмет атқара алатын мүмкіндігі бар адамдарға жоғары жеке табыс салығын салу арқылы жазалауға болмайды деп түсіндіреді.

Сонымен, бүгінде теоретикалық мектептер жеке табыс салығын реформалау кезінде аз қамтылған халық мүддесін қорғау үшін ғана емес, сонымен қатар осыған қарама-қарсы бай таптарын да қорғау үшін әлеуметтік-әділдікке жүгінеді.

Жоғарыда көрсетілген теоретика мектептерінің пікірлері жеке табыс салығын салу тәжірбиесінде көптеген дамыған елдерде қолданыс тапты. «Ұсыныс экономикасы» теоретиктер пікірлерінің әсерінен көптеген елдерде жеке табыс салығының ставкалары төмендетілді. Мысалыға Америка Құрама Штатында ең үлкен ставка 70 пайыздан 30 пайызға дейін төмендетілді. Егер жеке табыс салығы ставкасының төмендеуі жоғарғы табыс алатын халық бөлігіне тиімді болса, осы уақыттағы дамыған елдердегі аз қамтылған халық бөлігіне салықтан толықтай немесе бөліктеп босату тәжірбиесі соңғысының жағдайын біршама жақсартты.

Негізінен жеке табыс салығы дамыған елдерде прогрессивті шкаламен есептелінеді. Шкала саны екеуден (Ұлыбритания және Америка Құрама Штатты)  он төртке (Франция). Ал ең төменгі салық ставкасының мөлшері 10-25 пайызға дейін, ең үлкен ставка мөлшері 33 пайыздан (Америка Құрама Штатты) 60 пайызыға (Ұлыбритания) дейін.

Дамыған елдердегі жеке табыс салығының прогрессивті шкаласын енгізу тәжірбиесі макроэкономикалық жоспарда мемлекеттегі табыстардың теңсіздігін теңдестірумен де байланысты. Бұл жағдай американдық танымал Лоренц қисығына келетін болсақ, жеке табыс салығының прогрессивті шкаласын енгізу салық төленгенге дейінгі мемлекеттегі табыстың бөлу сызығын бірқалыпты бөлу сызығына жақындатады.

Жеке табыс салығының экономикалық рөлін бағалай келе, Батыс сараптаушылары оны «енгізілген автоматикалық ынталандырушы» ретіндегі рөлі мен қызметін айқындайды. Себебі. Шаруашылық коньюкктураның жағымсыз жағдайлары болғанда, салық салғанға дейінге қарағанда салық салғаннан кейін жеке табыс азырық қысқару керек.

Жеке табыс салық жүйесі соққының белгілі бөлігін өзіне ала тұрып амортизациялық рөлді атқаруы мүмкін. Сонымен, талдауданкөріп отырғанымыздай, жеке табыс салығы бүкіл экономикаға және де жеке азаматтар үшін де үлкен мағынаға ие. Басқа елдерде 19 ғасырдың аяғы 20 ғасырдың басында осы салық түрі енгізілді. Ресейде жеке табыс салығы 1916 жылдың 6 сәуірінде енгізілді.

Ал ең алғаш рет Қазақстан Республикасында жеке табыс салығының заңдылығы 1991 жылдың 24-і  желтоқсанында енгізілді.

Жеке табыс салығы басқа да салықтар сияқты көптеген сипаттамасы бар:

  • Мемлекеттен басқа, салықты еш кім алалмайды. Салықты енгізуде мемлекет саяси орган ретіндегі субъектісі. Салықты бекіту Парламентке жүктелген.
  • Салық – ол ақшалай төлем, мемлект алдындағы борышы. Жеке табыс салығы басқа салықтардан қарағанда айырмашылығы, мемлекеттің ерікті зайымдары, яғни салық төлеуші ақшасын мемлекетке беруі.
  • Жеке табыс салығы эквивалентсіз төлем болып табылады. Экономикалық тілмен айтқанда, салық ақшалай түрдегі форма, бірақ қарама-қарсы тауарлы фолмасы жоқ айналыс.
  • Салық-Е.В.Пороховтың айтуы бойынша “салық тек құқықтық форма түрінде”- дейді, яғни салықты қабылдау үшін мемлекет заң шығару арқылы құқықтық актіні қабылдауы.

Салық – ол заңмен бекітілген төлем: Қазақстан Республикасының конститутциясына сәйкес; ”Заңмен бекітілген салық төлемдері және де бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер әр кімнің мемлекет алдындағы міндеті”.

Жеке табыс салығы салықтық түсімдердің жалпы 11пайызын құрайды оны біз 3-кестеден көре аламыз.

2-кесте

Атауы 2002 % 2003 % 2004 %
Жеке табыс салығы 77381 10,3 93281 9,8

Табыс көзінен алынатын және табыс көзінен алынбайтын табыстар салық салу обьектісі болып табылады.

Салық Кодексі бойынша жеке тұлғалардың табыс салығының көлемі прогрессивті түрде белгіленіп салынады. Оны біз әр жылдарға сай Салық Кодексінің өзгерістеріне байланысты өзгеруін көре аламыз. Мысалға: 1997жылға  Салық Кодексі бойынша жеке табыс салығының ставкасы 6 деңгейге бөлінген. Олар:

3-кесте

Салық салынатын табыс Салық ставкалары
10 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін Салық салынатын табыс сомасынан 5пайыз
10 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен 20 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін 10 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен салық сомасы + одан асатын сомадан 10пайыз
20 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен 30 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін 20 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен салық сомасы + одан асатын сомадан 15пайыз
30 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен 40 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін 30 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен салық сомасы + одан асатын сомадан 20пайыз
40 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен 50 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін 40 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен салық сомасы + одан асатын сомадан 30пайыз
50 еселенген және одан жоғары жылдық есептік көрсеткіш 50 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен салық сомасы + одан асатын сомадан 40пайыз

Ал енді 2002, 2002, 2003 жылдары Салық Кодексі бойынша жеке табыс салығының ставкалары 4 деңгейде болды. Яғни:

4-кесте

Салық салынатын табыс Салық ставкалары
15 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін Салық салынатын табыс сомасынан 5пайыз
15 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен 40 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін 15 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен салық сомасы + одан асатын сомадан 10пайыз
40 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен 600 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін 40 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен салық сомасы + одан асатын сомадан 20пайыз
 600 еселенген және одан жоғары  жылдық есептік көрсеткіш 600 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен салық сомасы + одан асатын сомадан 30пайыз

Қазіргі таңда жеке табыс салығын есептеу механизмі бойынша жеке табыс салығы Салық Кодексіне сәйкес салық ставкасының көлемі 5 пайыздан – 20 пайыз аралығында есептеледі.

5-кесте

Салық салынатын табыс Салық ставкалары
15 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін Салық салынатын табыс сомасынан 5пайыз
15 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен 40 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін 15 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен салық сомасы + одан асатын сомадан 8пайыз
40 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен 200 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін 40 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен салық сомасы + одан асатын сомадан 13пайыз
200 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен 600 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін 200 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен салық сомасы + одан асатын сомадан 15пайыз
 600 еселенген және одан жоғары  жылдық есептік көрсеткіш 600 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен салық сомасы + одан асатын сомадан 20 пайыз

Осыдан қорыта айтқанда жеке табыс салығының ставкасы алдыңғы жылдарға қарағанда төмендеді. Ол дегеніміз жеке табыс салығын жетілдіру мақсатында, яғни біріншіден халықтың әл-аухатын көтеру, ал екіншіден жеке тұлғалардың табыстарын жасырмау, яғни салықтан жалтармау мақсатында жасалынып отарған өзгерістер.

Салық салудың альтернативті және перспективті даму бағытын талдай  отырып, мынаны анықтау қажет:

-салық жүйесімен мемлекеттің ұлттық табысын құрудағы қағидалар арасында байланыс (тікелей және кері) бар ма?

-салықтар адам өмірі сүру жағдайының деңгейіне қалай әсер етеді?

-Ұлттық табыс пен әр субъектінің қажетті тұтыну көлемі арасында байланыс бар ма?

Осы тұрғыда Дж.М.Кейнстің тұжырымдамаларында көрсетілген салық салу теориясын қарастырайық. Оның айтуынша жеке тұлғалардың қарамағындағы соммалардан табыстың бір бөлігін алу, салық салу жиынтық сұраныстың  тек жанамалы түрінде ғана  әсер етеді.  Әр түрлі ұлттық табыста салық салу жоғары болған сайын жеке тұтыну деңгейі төмендей береді. Кейнстің теориясын одан ары қарасытыратын болсақ, ұлттық табыспен тұтыну арсында жағымды байланысты көруге болады. Мұнда жеке тұтыну көлемі ұлттық табыспен емес, оның таза жеке табысының арасындағы қолдануға кіретін бөлігімен ғана анықталады. Бұлардың арсындағы айырма салық салу көлемін құрайды, ол дегеніміз – таза жеке табыс, жалпы табыспен салық салу көлемі арасындағы айырыммен анықталады:

                                            Yd=Y-T                                             

Мұндағы: Y – жеке тұлғаның жиынтық табысы

Yd – таза жеке табыс

T – жеке тұлғаға салық салу көлемі

Салық салу көлемі заң шығарушылармен экзогенді анықталады, онда тұтыну функциясы төмендегідей болады:

                                            C=C (Yd)                                         

Ал сызықтың функциясыда:  C=a + c (Y-T)

Мұндағы С – тұтыну жиынтығы

 «С» - жеке табыстың тұтынудағы шектік сипаты.

Математикалық тұрғыдан салықты қысқартсақ мынаны көреміз:

Y=-C/1-C*∆T

Мұнда салық салуды төмендетсек ұлттық табыстың өсуіне әкеледі. Ол тұрақты көлемнің туындысының салықтың қысқаруы көлеміне тең екендігін көрсетеді.

-С/1-С -  коэффициенті салық мультипликаторы болып саналады.

Бұл жағдайда біз табысқа салық салу деңгейлер арасындағы тікелей байланысты анықтадық. Былай қарағанда, салық салу мультипликаторын экономикалық мәні қарапайым:

  • салық салу төмен болған сайын, ұлттық табыс жоғары болады.

Салық салумен ұлттық табыс өзгерістері арасындағы ара қатынастың экономикалық мағынасы сапалық тұрғыданда, сандық тұрғыдан да оңай түсіндіріледі. Егер мемлекет фискальді салық салу көлемін төмендетсе жеке тұлғалардың табысы өседі, бұл олардың қарамағындағы салықтың төмендегідей көлеміне тең және жеке тұтыну деңгейіне дейін көтеріледі. Ол табыстың өсу мультиплкативті процессінің дамуына әсер етеді. Осыған сәйкес салық салу және ұлттық табыс көлемдері кері бағытқа өзгереді, сондықтан теңдіктіктің теріс белгісі болады. Осылайша кері тәуелділікте қарастырылады,  себебі салық салумен ұлттық табыс арасындағы бір-бірімен байланысы жеке тұтыну деңгейін шарттандырады.

Салық пен ұлттық табыс арасындағы графикалық қатынасын қарастырайық

Салықтың төмендеуінің ұлттық табыс көлеміне әсері

Т көлеміне тең салықты төмендету тұтыну қисығын С+Т тең бөлігіне жоғарылауға әкеледі. Егер С1С1 қисығы – жаңа тұтыну қисығы болса, онда жиынтық сұраныс қисығы DD –дан D1 D-ға ауысады және тепе-теңдікке сәйкес табыс Yе-ден  Yе1-ге дейін өседі. Сонымен біз салықтың қысқаруы, басқада тең шарттармен, ұлттық табыстың өсуіне және керсінше, салықтың өсуі, басқа да тең шарттармен ұлттық табыстың қысқаруына әкелетініне қорытынды щығардық.

Кейнспен жасалынған салық ауыртпашылығының өсуі, тұтыну деңгейі және мемлекеттік шығындар арасындағы тәуікелділік теориясы экономикалық саясаттың екі түрінде көрініс пен жалғасын тапты. Бұлар өз кезегінде мемлекеттік бюджеттің тапшылығы ұлттық табыстың өсуін әкеле алады, бірақ тұтынудың ұлғаюы мен салық ауыртпашылығының қысқарту арқасында ғана іске асады.

Мемлекеттік салықты өсіргенде, бұл тек ғана тікелей әсерімен қатарласады, әсіресе жеке тұлғалардың табысының қысқаруымен, ал ол өз кезегінде мультипликативті процессті қарама-қарсы бағытқа алып баруын тудырады. Бұл А.Гржебиннің «салықтың төмендеуі Кейсияндық мәселесінде салық төленгеннен кейін үй шаруашылығы табстың өсуі арқасында көп тұтыну мүмкіндігі бар» деген сөзімен расталады.

Табыстың төмендігі тұтынуда жоғарғы шекпен шектеледі, шындығында да бұл экономикалық субъектілердің өздерінің табыстарымен адамға өмір сүру үшін керекті аса маңызды қажеттілктерін қанағаттандыру мүмкіншіліктерінен айырылған.

Сонымен кез-келген мемлекетте субъектілердің үш катогориясы кездеседі:

  • табыстылық деңгейі төмен
  • орта табыстылық деңгейі
  • жоғарғы табыстылық деңгейі

2 және 3 категория субъектілері көп болған сайын, онда сол мемлекет соншалықты бай болады. Егер де ұлттық табысты қайта бөліп, ең жоғары қамтылғандардың табысын төмендетіп және ең аз қамтылғандардың табысын жоғарылатса, қоғамның шекті тұтыну сипаты өседі. Сонымен бірге жиынтық тұтыну дәрежесі де көбейеді. Мысалы ретінде «а» және «в» табыс алушы екі санатты қарастырайық. «а» санатына қатысты Аа, Са, Yb, Тb- арқылы жоғарыда көрсетілгенге сәйкес белгілейік. Сонымен бірге «а» санаты «в» санатына қарағанда шекті сипаттағы тұтыну жоғары деп алайық. Сонда табысты анықтау теңдігі келесі формада болады:

Y=Aa+Ca (Ya-Ta) + Ab+Cb (Y b-Tb) + I+C

Егер белгілі көлемде «а» санатына салық салуды төмендетсек және осы мөлшерде  «в» санатына қатысты көтерсек, сонымен бірге қалған барлық көрсеткіштер өзгермесе, ∆Y=Ca ∆Ta – Cb∆Tb аламыз, ал сондағы ∆Та = ∆Tb және Ca ≥Cb болса онда  ∆Y -  жағымды болады. Бұл дегеніміз табысты қайта бөлген кезде, аз қамтылған санаттардың пайдасына шесілсе, бұл өз кезегінде ұлттық табыс деңгейінің өсуіне әкеледі.

Экономикалық тұрғыдан салық салуды қайта бөлу «в» санат табысының қысқаруына және «а» санатындағы табыстың өсуіне әкеліп соғады. Табысты қайта бөлуде халықтың әр түрлі санаттарға негізделген салық салудың  «салыстырмалы үлесі» арқылы жүргізу өте шектелген.

Ол белгілі-бір табыс алушы санаттарының тауарлаы мен бағасының өсіру арқылы салық ауыртпашылығын басқаларға аударуға мүмкіншілігінің болуымен байланысты.

2.1 Жеке табыс салығының қажет ету механизмі

Жеке табыс салығы мемлекеттік бюджеттің кірістерінің басты көздерінің бірі және де басқа салықтарға қарағанда халықтың өміріне тікелей әсер ететін салықтың бір түрі болып табылады.

Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Салық Кодексі бойынша жеке табыс салығын төлеушілер болып салық салу объектілірі бар жеке тұлғалар жеке табыс салығын төлеушілер (бұдан әрі салық төлеушілер) болып табылады. Салық төлеушілері болып салық жылы ішінде салық салынатын табысы бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар. Әрбір салық төлеушілер табыс салығын өздері тұрған жері бойынша төлеуді жүзеге асырады.

Салық Кодексі бойынша салық салу объектілері болып ондағы көрсетілген табыстарды қоспағанда, жеке табыс салығы салынатын объектілері мыналар:

- төлем көзінен салық салынатын табыстар;

- төлем көзінен салық салынбайтын табыстар.

Салық Кодексіне сәйкес салық салынуға жатпайтын табыстарға мыналар жатады:

- (еңбекақы төлеуге байланысты төлемдерді қоспағанда, - алып тасталды) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мөлшерде мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен төленетін атаулы әлеуметтік көмек, жәрдемақылар мен өтемдер;

- балаларға және асырауындағы адамдарға алынған алименттер;

- жеке тұлғаның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өтеу (жоғалтқан жалақысына қатысты өтеуден басқа);

- жеке тұлғалардың қаржы рыногы мен қаржылық ұыймдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның лицензиялары бар банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы салымдары бойынша оларға төленетін сыйақылар және борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақы;

- мемлекеттік бағалы қағаздармен және агенттік облигатциялармен жасалған операциялардан түскен табыстар;

- әскери қызмет міндеттерін атқарған кезде әскери қызметшілерге, белгіленген тәртіппен арнайы атақ берілген, оны қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты алған ішкі істер органдарының, қылмыстық – атқару жүйесі органдары мен мекемелерін және мемлекеттік өртке қарсы қызметтің қызметкерлеріне берілетін төлемдердің барлық түрі.

- лотерея бойынша 5 айлық есептік көрсеткіш шегінде ұтыстар;

- тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заң актісінде белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінде мемлекеттік бюджет және гранттар қаражаты есебінен жүзеге асырылатын қоғамдық жұмыстарды орындауға және кәсіби оқуларға байланысты төлемдер;

- гранттар қаражаты есебінен төленетін төлемдер (еңбекақы түріндегі төлемдерден басқа ) ;

- тұрақты жұмысы жолда өтетін немесе жүріп-тұру сипатында болатын не қызмет көрсететін учаскелер шегінде қызмет бабындағы сапарлармен байланысты жағдайларда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мөлшерде төленетін төлемдер;

- экологиялық апат немесе ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес төленетін төлемдер;

- 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысушылардың және оларға теңестірілетін адамдардың, I-ші және II-ші топтағы мүгедектердің , сондай-ақ бала кезінен мүгедек адамның ата-аналарының біреуінің салық жылы ішіндегі айлық есептік көрсеткіштің 480 еселенген шегіндегі табыстары;

- III-ші топтағы мүгедектердің бір жыл ішіндегі – айлық есептік көрсеткіштің 240 еселенген шегіндегі табысы;

- өткізілер күні қор биржасының “А” және “В” ресми тізімінде тұратын акциялар мен облигатцияларды өткізу кезіндегі құн өсімінен алынатын табысы;

- мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен төленетін біржолғы төлемдер (еңбекақы түріндегі төлемдерден басқа ) ;

- салық жылы ішінде медициналық қызмет көрсетулердің (косметалогиялық қызмет көрсетулерден басқа ) ақысын төлеу үшін, бала туған кезде, жерлеу үшін берілетін, құжатпен расталған, айлық есептік көрсеткіштің 50 еселенген шегіндегі төлемдер;

- қызметтік іс-сапарлар кезінде Салық Кодексінде белгіленген мөлшерде төленетін өтемдер;

- қызметкер ұйымымен бірге басқа жерге жұмысқа ауысқан не көшкен кездегі жол жүру, мүлкін көшіру, үй-жай жалдауы бойынша құжатпен расталған шығындардың өтемдері;

- Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын дипломатиялық немесе консулдық қызметкерлердің ресми табыстары;

- шет мемлекеттің мемлекттік қызметінде жүрген шетелдік жеке тұлғалардың сол елде салынуға тиіс ресми табыстары;

- Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын және Қазақстан Республикасының шет елдердегі дипломатияық және оларға теңестірілген өкілдіктерінде қызметте жүрген жеке тұлғалардың мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен шетелдік валютамен төленетін ресми табыстары;

- Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан берілетін зейнетақы төлемдері;

- жұмыс берушінің жылдық жиынтық табысты алуға байланысты емес және шегерімдерге жатқызылмайтын, нақты жеке тұлғалардың табысы болып табылмайтын шығыстары;

- Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мөлшерде дала жағдайында геологиялық-барлау, топографиялық-геодезиялық және іздестіру жұмыстары мен шұғылданатын қызметкерлердің далалық жабдықталым ақшасы;

- Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мөлшерде республикалық бюджет қаражаты есебінен төленетін тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасындағы салымдық сыйақылар;

- Жұмыс берушілер қызметкерлерін мамандық бойынша оқутуға және біліктіліген артыруға бағытталған шығындар;

- Жұмыс беруші вахталық әдіспен жұмыс істейтін адамдарға демалыс беру, тұрғын үй жалдауына, тәулікақы шегенде тамақтануға арналған шығыстары және қызметкерлерді жұмыс орындарына жеткізу шаралары;

- Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер;

- Жүкті немесе босанған әйелдерге, ұл немесе қыз баланы асырап алған адамдарға берілетін әлеуметтік жәрдемақылар;

- Білім беру ұйымдарында оқитындарға заңға сәйкес берілетін степендиялар;

- Берілген арнаулы киімдер, аяқкиімдер, алғашқы медециналық көмек құралдары, сүт немесе құндылығы оған тең басқа да емдеу-профилактикаға арналған азық-түлік өнімдерінің құны;

- Адвокаттар мен жеке нотариустардың- заңдық көмек, нотариялдақ іс-әрекеттер ақысын қоса алғанда. Адвокаттық және нотариялдық қызметті жүзеге асырудан түскен табыстарының барлық түрлері, сондай-ақ қорғау мен өкілдікке байланысты шығыстардың орнын толтырудан алынған табысы;

- Ізгілік, қайырымдылық көмек түрінде алынған мүліктің құны;

- Он алты жасқа толмаған балалар үшін балалар лагеріне жолдамалардың құны;

- Заңға сәйкес қызметкерлерге еңбек міндеттерін орындау кезінде мертігуінен немесе денсаулығының өзге де зақымдануына байланысты келтірілген зиянның орнын толтыру ;

- Еңбек міндеттерін орындау кезінде қызметкердің өміріне зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің жауапкершіліген міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдері;

- Шартың қолданылуы кезеңіндегі сақтандыркдың кез-келген түрінде, өз қызметкерлерін міндетті сақтандыру шарттары бойынша жұмыс беруші төлейтін сақтандыру сыйақыларының сомалары;

- Төлем көзінен салық ұсталғандығын растайтын құжат болған жағдайда, бұрын төлем көзінен салық ұсталған дивиденттер, сыйақылар, ұтыстар сомалары;

- Материялдық нұсқаның орнын толтырудың сот шешімі бойынша тағайындалған сомалары;

- Жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша жасасқан сақтандыру жөнінде сақтандыру ұйымдарына жіберген зейнетақы жинағының сомалары тәрізді табыстарына салық салынбайды, сондай-ақ заңда көзделген тәртіппен сақтандыру ұйымдарына бағытталған, зейнетақы аннуитетінің шарттары бойынша сатып алу сомалары:

- Сақтандырылушы қайтыс болған жағдайда жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша жүзеге асырылатын сақтандыру төлемдері;

Салық төлеушінің салық жылы ішінде салық салынатын табыстарына мынадай салық ставкалары бойынша салық салынады:

Жеке тыбыс салығының ставкалары

6-кесте

Салық төлеушінің салық салынатын табысы  
Ставкасы
15 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін Салық салынатын табыс 5 пайыз
15 еселенгеннен бастап 40 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін 15 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен салық сомасы + одан асатын 8 пайыз
40 еселенгеннен бастап 200 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін 40 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен салық сомасы + одан асатын сомадан 13 пайыз
200 еселенгеннен бастап 600 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін 200 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен салық сомасы + одан асатын сомадан 15 пайыз
600 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен бастап және одан жоғары 600 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен салық сомасы + одан асатын сомадан 20 пайыз

Ескерту, Қызметкерлердің тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңында белгіленген, жылына ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшерінен аспайтын жалақысының төлем көздерінен салық салынатын кірістеріне, қызметкерлердің тоқсан ішінде орташа айлық кірісі ең төменгі жалақы мөлшерінен аспайтын жағдайда “0” ставка бойынша салық салынуға тиіс.

Дивиденттер, сыйақылар мен түрінде табыстарға 15 проценттік ставка бойынша салық салынады.

Адвакаттардың және нотариустардың табыстарына 10 проценттік ставка бойынша салық салынады.

Жеке табыс салығы бойынша салық салу объектісі болып, төлем көзінен салық салынатын табыстарға мыналарды жатқызуымызға болады;

-   қызметердің табысы  қызметкердің жұмыс беруші есептеген салық шегерімдері сомасына азайтылған табыстары төлем көзінен салық салынатын

Табысы болып табылады. Жұмыс беруші материялдық пайда түрінде берілген табыстарды қоса алғанда жұмыс беруші төлейтін ақшалай немесе заттай нысанындағы кез-келген табыстар қызметкердің табыстарына жатады. Қызметкердің табысы бойынша жеке табыс салығының сомасы қызметкерлердің салық жылы ішінде төлем көзінен салық салынатын табысына белгіленген ставкаларды қолдану жолымен есептелінеді. Жеке табыс салығының есептеу және ұстап қалу уәкілетті мемлекеттік орган белгіленген тәртіппен ұлғаю нәтижесімен ай сайын жүргізіледі.

- Бір жолғы төлемдермен алынатын табыс – салық төлеушілердің заңға сәйкес заңды тұлғалармен және жеке кәсіпкерлермен жасасқан азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табысы, сондай-ақ жеке тұлғаларға төленетін басқа да бір жолғы төлемдер жатады. Жеке табыс салығының сомасы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мөлшерде және жағдайларды жинақтаушы зейнетақы жарналары сомасына азайтылған төлем көзінен салық салынатын бір жолғы төлемдерден түскен табысқа, белгіленген ставкаларды қолдану жолымен есептеледі.

- Дивиденттер, сыйақылар,ұтыстар түріндегі табыстар.

- Степендиялар- білім беру ұйымдарында оқып жүргендерге төлеуге арналған ақша сомасы, сондай-ақ мәдениет, ғылым қайраткерлеріне, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне және басқа жеке тұлғаларға төлеуге арналған ақша сомасы табыс көзінен салық салынатын степендия болып табылады.

- Жинақтаушы зейнетақы қорларына берілген зейнетақы төлемдері-салық төлеушілердің зейнетақы жинақтарынан жинақтаушы зейнетақы қорлары жүзеге асыратын, табыс есептеудің тиісті айына заң актісімен белгіленген айлық есептік көрсеткіш сомасына азайтылған төлемдер жатады.

- Сақтандыру ұйымдары жүзеге асыратын сақтандыру төлемдері бойынша; жинақтаушы зейнетақы қорларындағы зейнетақы жинақтары есебінен жұмыс берушінің қаражат есебінен төленген сақтандыру сыйақылары жеке тұлғаның жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табысы болып табылады.Жеке тұлғалардың жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табысына сақтандыру ұйымдары жүзеге асыратын сақтандыру төлемдері сомасын сақтандыру сыйақыларының сомасынан асыпкеткен сомасы жатады.

Салық төлеушінің төлем көзінін салық салынбайтын табыстары мыналар;

- Мүліктік табыс, оған:

а) бағалы қағаздары, сондай-ақ заңды тұлғадығы қатысу үлесі:

б) қымбат бағалы тастар мен қымбат бағалы металдарды, олардан  жасалған зергерлік бұйымдарды және құрамына қымбат бағалы тастар мен қымбат бағалы металдар бар басқа да заттарды, сондай-ақ өнер туындылары мен антиквариаттарды сату кезіндегі олардың құнының өсімі:

в) мүлікті жалға беруден алынған табыс:

г) мүлікті сату құны мен бағалау құны арасындағы, бірақ оны сатып алу құнынан кем болмайтын оң айырма, мүлікті сату кезіндегі құн өсімінен алынған табыс.

- Жеке кәсіпкерлердің салық салынатын табысы. Ол жылдық жиынтық табыс пен шегерімдер арасындағы айырма ретінде айқындалады. Жылдық жиынтық табысқа салық жылы ішінде көрсетілген қызметті, орындалған жұмыстар мен басқа да операциялары үшін ақшалай немесе заттай ныснда алынған табыстардың барлық түрлері кіреді.

- Адвокаттар мен жеке нотариустардың- заңдық көмек, нотариялдық қызметті жүзеге асырудан табыстарының барлық түрлері, сондай-ақ қорғау мен өкілдікке байланысты шығыстардың орнын толтырудан алынған табысы.

- Басқа да табыста Қазақстан Респбликасының шегінен тыс жерлерден алынған табыстар.

Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар бойынша жеке табыс салығын есептеу адвокаттар мен нотариустардың табысын қоспағанда, жеке табыс салығын есептеудегі салық төлеуші қызметкерлердің төлем көзінен салық салынатын табысын анықтау кезінде салық жылы ішіндегі әрбір ай үшін шегерімдерінің сомасына азайтылып, төлем көзінен салық салынбайтын табыс сомасына жеке табыс салығының ставкасы бойынша есептеу дербес жүргізіледі. Резидент жеке тұлғалар арнайы салық режимін қолданылатындарды қоспағанда, жеке кәсіпкерлер. Салықты төлеу мерзімдері бойынша енгізілген авнстық төлемдерді есептей отырып, салық жылының қортындысы бойынша жеке табыс салығын төлеуді жеке табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін он жұмыс күінен кешіктірмей дербес жүзеге асырылады. Ал арнаулы салық режимдерін қолданатын жеке кәсіпкерлер жеке табыс салығын салық салынатын табыстың 50 пайызын төлеуді.

Жеке табыс салығы бойынша декларация резидент салық төлеушілер болып:

  • Төлем көзінен салық салынбайтын табыстары барлар
  • Тұрғын үй салу мен осындай құрылыс үшін құрылыс материалдарын сатып алуды қоспағанда, салық жылында 2000 айлық есептік көрсеткішткн жоғары сомаға біржолғы ірі сатып алуды іске асырғандар
  • Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерден табыстар алатын жеке тұлғалар
  • Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі шетел банктеріндегі шоттарда ақшасы бар жеке тұлғалар
  • Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заң актілеріне сәйкес декларация беру жөнінде міндеттеме жүктелген адамдар
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, судьялар.

Жоғарыда көрсетілген жеке тұлғалар жеке табыс салығы бойынша декларацияны уәкілетті мемлекеттік орган белгіленген тәртіппен ұсынады.

Жеке табыс салығы бойынша декларация есепке тіркелген орны бойынша салық органына салық жылынан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктіркей табыс етіледі.

Жеке табыс салығының болжамды сомасы туралы мәлімдеме және жеке табыс салығы жөніндегі декларация тіркелу күнінен бастап жиырма бес жұмыс күнінен кешіктірмей  және келесі жылдары күнтізбелік жылдың 20 қаңтарынан кешіктірмей қызметін жүзеге асыру кезеңіндегі жеке табыс салығының болжамды сомасы туралы мәлімдемені тіркелген жері бойынша салық органдарына табыс етуге міндетті. Қазақстан Республикасында отыз күнтізбелік күннен астам уақыт кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын және салық кезеңі ішінде Қазақстан Республикасындағы көздерден тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы зада белгіленген 500 айлық есептік көрсеткіштен астам табыс алатын резидент емес жеке тұлғалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке табыс салығы бойынша декларация есепке тіркелген орны бойынша салық органына салық жылынан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етіледі.

  1. Бөлім. Жеке табыс салығының даму перспективалары

2.1 Дамыған нарықтық экономикалы мемлекеттердегі жеке табыс

салығының алыну ерекшеліктері

Шет мемлекеттердің салық жүйелері әр түрлі экономикалық, саяси, әлеуметтік жағдайлардың барысында қалыптасты. Әдетте, салық жүйесі әкімшілік басқарудың әр түрлі деңгейінде, соедай-ақ халықаралық операцияларда екі жақты салық салуды болдырмау мақсатында осы жағдайлар барысында туындайтын ерекшеліктерді ескере отырып құрылады. Нарықтық экономикаға сай, дамыған елдердің салық жүелері бақылау, реттеу функциялары арқылы әлеуметтік-экономикалық қатынастарды дамытумен жұмыс жасауда. Шет елдердің салықтарының құрылымына сай салық салу барысында көптеген ерекшеліктерді көре ламыз. Салықтар әр түрлі елдерде ерекшеліктер болғанымен де, кей-кездерде олардың алыну механизімдері ұқсас болып келеді. Салық ақшалай немесе заттай түрде әділеттілік, теңдік тәрізді салық салу қағидаларын қолдану арқылы, салық ставкалары арқылы жүзеге асырылады.

Салық төмендегідей тәсілмен алынады:

  • Төлем көзінен
  • Декларация негізінде
  • Кадастр бойынша.

Көпшілік шет елдерде салықтарға жеке тұлғалардың табысынан салынатын салық, бастылардың бірі болып табылады. Жеке тұлғалардың табысына салынатын салық салудың қағидасы басым көпшілік елдерде ортақ болып келеді. Тек әрбір ел өздерінің ерекшеліктеріне байланысты ерекшелінеді. Есептелу және алыну механизміне байланысты кейбір ерекшеліктерінен басқа салық салу объектісі, төлеушілері ұқсас болып келеді. Салық салу барысында жеке тұлғалар резидент және бейрезидент болып бөіледі. Сондай-ақ, олардың табыстары бөлек, яғни салықты жеке өзі төлейді немесе жиынтық, яғни салық біріктірілген ортақ табыстан төленеді. Негізгі ортақ ұқсастықтарына табыстың құрамына еңбек ақы, сыйақы, кәсіпкерлік қызметтен түскен табыс, зейнетақы, алимент, жылжымайтын мүлікті жалға беруден түскен табыс, бір жолғы жәрдемақы, жұмыссыздық және жұмысқа уақытша жарамсыздық бойынша төлемдер, рента, дивиденд түріндегі барлық табыстары кіруін жатқызуға болады. Табыс салығы әдетте, 12 айға тең болатын күнтізбелік немесе қаржы жылы ішінде алынған барлық табыстарынан алынады.нақты бір кезеңдегі салықты есептеу барысында табыстан салық заңнамасы бойынша бекітілген кейбір шегерімдер шегеріліп, жеңілдіктер, жеңілдіктер қолданылады. Осы тұста барлық елдерде ортақ «салық салынбайтын минимум» деген ұғым пайданылады. Сондай-ақ есепті кезен аралығында жасалыған барлық нақты шығындар да салық саынатын табыстан шегіріліптасталады. Жеке тұлғалардың табысына салынатын салықты есептеу барысында мемлекеттер арасында мынадай айырмашылықтарды байқауға болады. Атап айтсақ салық салу барысында қамтылатын табыстардың құрамы, салықты азаматтардың жеке өзі немесе отбасы атынан төлеуі, салық жеңілдіктерінің құрамы мен қолдану ерекшеліктері, салық салу шкаласы әр елде әр түрлі болып келеді.

Салық жеңілдіктерін стандартты және стандарты емес деп екі топқа топтастырып қарауға болады. Стандартты салық жеңілдіктеріне салық төлеушінің өзіне және асырауындағы адамдарға,берілетін салық салынбайтын минимумды жатқызуға болады. Стандартты емес салық жеңілдігінің стандартты салық жеңілдігінен айырмашылығы – оның салық төлеушінің нақты жұмсаған шығындарымен байланысты болып келуінде.

Көптеген елдерде фермерлік шаруашылықтардың, жеке бизнестің дамуына басым көңіл бөле отырып, салық салу барысында оларды назардан тыс қалдырмайды. Мысалы:Греция мен Ирландияда фермерлер алдыңғы үш жылдың, ал Туркцияда алдыңғы екі жылдың мәліметі негізінде орташа табысын анықтап, содан табыс салығын прогрессивтік шкаламен төлейді. Мұндай әдіс Австралияда өнімді өзі өндіріп, өңдеп, өткізетін фермерлерге қолданылады.

Жеке табыс салығының ең алғаш пайда болған елі Ұлыбритания мемлекеті болғандықтан осы елдің жеке табыс салығының алыну механизмін қарастырып өтейік.

Ұлыбританияның салық жүйесінің негізі 19 ғасырда қалыптасты. Ең алғаш рет Англияда 1798 пайда болған бұл салық түрі Наполеонға қарсы соғыста қаржыландыру мақсатында енгізіліп, 1842 жылдан бастап ағылшынның салық жүйесінде тұрақты түрде орын алды. 1965 жылға дейін табыс салығын заңды және жеке тұлғалардың барлығы төледі. Корпорация пайдасына салынатын салық енгізілгеннен кейін, табыс салығын тек жеке тұлғалар ғана төлейтін болды. Салық реформалары жеке табыс салығының төменгі ставкасын 20 пайызға дейін төмендету, ерлі – зайыптылардың табысын бөлек есептеу, прогрессивтік ставкаларды алып тастау тәрізді маңызды шаралады қамтыды. 1973 жылғы салық реформасы нәтижесінде еңбек ақы және инвестициялық табыстарға салық біртұтас ставкамен салынатын болды. Қазіргі кездегі жеке табыс салығының жүйесі 1973 жылға салық реформасы негізінде жүйелендіріп, қалыптасты.

Салық салу мақсатында салық төлеушілер резидент және бейрезидент болып жіктеледі. Ағылшын салық құқығында «жай резидент» және «домицилий» деген ұғымдар қолданылады.

Жай резидент дегеніміз Ұлыбританияда тұрғылықты мекені бар, қысқа мерзімді жеке және қызмет бабындағы жолсапарлардың есептемегенде, өмір бойы осы елде тұрып жатқан тұлға.

Домицилий дегеніміз тұрғылықты мекені орналасқан елде тұратын жеке тұлға.

Табыс салығы жылдық жиынтық табыс пен заң бойыеша рұқсат берілген шегерімдерн арасындағы айырмадан төленеді.салық салу барысында отбасылық және жеке тұлғаның өзіне шегерім беріледі. Отбасылық және жеке шегерім мөлшері әрбір қаржы  жылында бөлшек сауда индексіне байланысты қайта қаралып, өзгертіліп отырады. Табыс салығы прогрессивтік ставкамен алынады. Оны біз келесі кесте арқылы көре аламыз.

Табыс салығының ставкалары

Ставка типі Табыс диапазоны, ф. ст. Салық ставкасы %
Төменгі 1500-ге дейін 10
Негізгі 1501-ден 28000-ге дейін 23
Жоғарғы 28001-ден жоғары 40

Ұлыбританияның салық заңнамасы бойынша, заттай нысанда берілген жәрдемақы, ұлттық жинақ сертификаттары бойынша пайыздар, шәкіртақы, мүгедектерге, жұмыссыздарға, денсаулығы нашар тұлғаларға берілетін жәрдемақыларға табыс салығы салынбайды. Тек қана еңбек ақы есебінен күн көретін жеке тұлға бұл салық бойынша деклорация толтырмайды. Табыс салығы жыл ішінде төртке бөлініп төленеді. Салыққа құжаттар 6 жыл сақталуы қажет.

Келесі алған мемлекетіміз - Германия мемлекетінің салық жүйесіндегі жеке табыс салығының алыну механизмі қалай жүзеге асырылатыны туралы.

Германияның салық жүйесі Л.Эрхард заманнан бері бірнеше қағидаларға негізделген. Олар мыналар:

  • Салыққа жұмсалған шығындар мүмкіндігінше аз болуы керек
  • Салықтар құрылымдық саясатқа сәйкес болуы керек
  • Салықтар табысты әділ бөлуге бағытталуы керек
  • Салық жүйесі екі жақты салық салуды болдырмауы керек
  • Салықтар бәсекеге кедергі болмауы керек
  • Салық жүйесі адамдардың жеке өмірін құрметтеуі керек және тағыда басқа.

Жеке тұлғалардың табыс салығы азаматтығынан тәуелсіз барлық жеке тұлғалардан алынады. Салық салу барысында басты назар салық төлеушінің тұрғылықты мекеніне аударылады. Соған байланысты шектеоген және шектелмеген салық жауапкершілігі ажыратылды. Шектеомеген салық жауапкершілігіне Германияда тұрақты тұратын және ел ішінде мекен – жайы бар жеке тұлғалар, сондай-ақ шетелдегі неміс мекемелерінің қызметкерлері тартылды.

Салық салу обьектісі ретінде жеке тұлғанаң барлық табыстары қаралады:

  • еңбекақысы
  • капиталдан алған табыстары
  • бағалы табыстардан алған табыстары
  • мүлікті жалға беруден алған табыстары жатады

Әрбір категориядағы салық төлеушілер үшін дербес шегерістер қарастырылған. Салық прогрессивті шкаламен жеке тұлғанаң табысы мен заңға сәйкес бекітілген шегерістер арсандығы айырмадан төленеді. Табыс салығының ставкалары келесідей:

Салық салынатын табыс, марка Салық ставкасы
13477 дейін 0
13950-ден 17495-ке дейін 22-90-25,00
17496-дан 114695-ке дейін 25,00-51,00
114695-тен жоғары 51

Салық төлеушілер қызмет түріне байланысты бірнеше категорияға бөлінеді. Атап айтқанда:

  • жалғыз басты салық төлеушілер
  • ажырасқандар. Бірақ асырауында баласы бар салық төлеушілер
  • ерлі-зайыптылар, әрі олардың тек біреуі ғана жұмыс істесе
  • ерлі-зайыптылар, әрі олардың әрқайсысы салықты бөлек өз алдына төлесе
  • салықты бірге төлейтін ерлі-зайыптылар
  • бірнеше жерде жұмыс жасайтын салық төлеушілер

Ерлі-зайыптыларға және олардың балаларына, 64-жастан асқан қарттарға, мүгедектерге арнайы салық шегерімдері қарастырылған. Емделуге кеткен шығында, алимент, өмірді және медициналық сақтандыруға төлеген жарналар, шіркеу салығы салық салынатын табыстан толығымен шегеріледі.

Табыс салығы декларация негізінде немесе төлем көзінен төленеді. Жалдамалы жұмыскердің салығын жұмыс беруші табыс малығын салық картасы негізінде есептеп, ұстап қалып, салық органына аударады. Салық картасы коммунадағы тұрғылықты жерінде толтырылып, қай категорияға жататыны көрсетіледі. Егер күнтізбелік жыл ішінде табыс салығының сомасы отбасы немесе жұмыс жағдайына байланысты ауытқыған жағдайда, өзгеріс дереу салық картасына енгізіледі. Жыл соңында салық картасы негізінде толық есеп айырылысады.

Декларация негізінде табыс салығын есептеу барысында күнтізбелік жыл ішінде алған барлық барлық табыстары қамтылады. Ерлі – зайыптылар әрқайсысы ортақ декларация  тапсырған жағдайда, олардың жиынтық табысы екіге бөлініп, бір бөлігіне салық есептеледі және сол салық сомасы екіге көбейтіледі. Ерлі – зайыптылар әрқайсысы бөлек деклараця тапсырған жағдайда, бұл есептеу мехенизмі қолданылмайды: жалғыз басты салық төлеушілерге қолданылатын есептеу механизмімен табыс салығын есептеп, төлейді. Сонымен Гермения мемлекетінің салық жүйесі соның ішінде табыс салығының алыну механизмін көре алдық. Германия елінің салық жүйесін алғанымыз, осы елдің біздің елдегі салық жүйесіндегі алыну механизмі ұқсас екенін көрсету.

Келесі алып отырған мемлекетіміз көршілес жатқан Ресей Федерациясы. Ресейдің салық жүйесінің атқарылуы жайлы толығырақ айта кетсек, Ресейдің салық жүйесінің қалыптасу кезеңі Көне Русь мемлекеті тұсында қаланған. Сол кездегі негізгі тікелей салықтың бір түрі жан басына салынатын салықта салық төлеушілер саны ревизиялық санақ бойынша анықталған. Кейінен яғни, 1821 жылы жылжитын мүлік салығын енгізді, оның салығының мөлшері 0,5 пайызға бағаланған.  Ал 1831 жылдың аяғында жанама салықтар енгізілді. Қазіргі кездегі Ресейдің салық жүйесінің қалыптасу кезеңіне 1991 жылдың желтоқсанында қабылданған Заңнан бастау алады. Федералдық Салық Кодексімен бекітіліп, елдің барлық аумағында төленетін  14 салық түрлері бекітілген. Соның ішінде Жеке тұлғалардың табысына салынатын салыққа толғығырақ тоқталып өтейік.

Жеке тұлғалардың табысына салынатын салықты Ресейдің резидент және бейрезидент жеке тұлғалары төлейді. Салық салу объектісі болып резидент жеке тұлғалардың Ресейдегі және Ресейден тыс жердегі көздерден алған табыстары, сондай-ақ бейрезидент жеке тұлғалардың Ресейдегі көздерден алған табыстары алынады.

Салық төлеушілердің табысына жататындар:

- дивиденттер мен пайыздар

- сақтандыру төлемдері

- өткізуден түскен табыс

- мүлікті жалға беруден және өткізуден түскен табыс

- зейнетақы, жәрдемақы, шәкірақы

- авторлық және басқа да құқықтарды пайдаланудан түскен табыс

- атқарылған жұмыс үшін шарапат

- кез-келген еөлік құралдарын пайдаланудан түскен табыс.

Жеке тұлғаның мынадай табыстарына салық салынбайды:

  • мемлекеттік бюджеттен алған зейнетақы, жәрдемақы, шәкіртақы
  • 24 жасқа дейінгі жетім балаларлың білім алуына төленетін салалар
  • мемлекеттік меншікке қазына өткізгені үшін берілетін шарапат
  • банктегі салымдар бойынша пайыздар
  • мерзімді әскери қызметті тұлғалардың табыстары
  • кәсіподақ комиттерінің төлемдері
  • мемлекеттік зайым облигатциялары бойынша ұтыстар
  • донарларға төленетін марапат
  • жеке тұлғаның мұра немесе сый ретінде заттай және ақшалай нысанда алған табыстары

Жеке табыс салығын есептеу барысында стандартты, әлеуметтік, мүліктік, кәсиби салық шегерімдері жасалады. Стандартты шегерімдерге келетін болсақ, ай сайын 3000 руб. мөлшерінде Чернобыль апатында зардап шеккендер, Ұлы Отан соғысының мүгедектері, ядролық қару-жарақтармен жұмыс жасағандарға салық шегерімдері жасалады. Ал Кеңес Одағының және Ресейдің батыр атағына ие болғандарға, 1-ші,2-ші,3-ші топтағы мүгедектерге және бала кезінен мүгедектерге 500 руб. мөлшерінде шегеріліс жасалады.

Ресейдің бейрезиденттері барлық алған табыстарынан 30 пайыздық ставкамен табыс салығын төлейді. Жеке тұлғаның дивиденд түріндегі табысына 6 пайыздық ставкамен салық салынады. Ал басқадай табыстарының барлығына 13 пайыздық пропорционалды ставкамен салық салынады.

Салық агенттері есептелінген табыстан салық соммасын есептеп ұстап қалуға міндетті. Салық декларациясын есепті жылдан кейінгі жылдың 30 сәуіріне дейін салық органына тапсырылуы керек. Салық декларациясында жеке тұлғаның салық кезеңінде алған табыстары, оның көздері, шегерімдері, есептелген салық соммасы, салық кезеңі ішінде төленген аванстық төлемі , салық кезеңінің қорытындысы бойынша төленуі  тиіс салық сомасы көрсетіледі.

Осы үш мемлекетті ала отырып біз олардың салық салу механизімін көрдік. Жеке табыс салығының ең алғаш пайда болған елі Ұлыбритания мемлекеті болғандықтан осы елдің жеке табыс салығының алыну механизмін ерекшелігіне көз жеткіздік және де салық салынатын ставкалары 3 деңгейде екенін көре алдық. Екінші мемлекетіміз Германия елі, оның ерікшелігі        Л.Эрхард заманнан бері бірнеше қағидаларға негізделіп сүйенгені. Салық ставкалары төрт деңгейлі, яғни 13477 марка деңгейінде салық ставкасы 0-ге тең екендігі және де біздің салық жүйеміздің ұқсастығы. Ал Ресейдің салық саясаты салық ставкалары әртүрлі болғанымен, салық заңдылықтары ұқсас болып келеді.

  • 2 Қазақстан Республикасындағы жеке табыс салығының жетілдірілуі

Қазіргі экономикалық жағдайда жеке табыс салығы және оның прогрессиясының қойылымының өсіруіне бағытталуы ақталмайды. Салық салу жүйесіндегі болжамдалып жатқан өзгерістерге сүйенсек жеке табыс салығы 40%-ке дейін төмендетіледі. Соның өзінде тағыда өзіндік салыну механизмі енгізіледі және бұл рационалды, себебі инфляцияның қарқынды даму процессінде нақты жалақы номиналды жалақыдан айырмасы бірдестен өседі, сондықтан да қойылымның өсуі халықтың абсалютті көпшілігінің жағдайын қиындатады. Салық қойылымының өсіп отыратын жағдайында табыс табуды көбейтудің мағынасы жоғалады, адамдар салық төлеуден жалтара бастайды және өз табыстарының көлемін жасырады. Осылайша квалификациясын көтеруге, жұмыс уақыт диапазонының көбейуіне, өзін-өзі жетілдіруде қызығушылық жоғалады.

Салық ставкасының жоғары болуы салық төленгеннен кейінгі еңбек ақысын елеулі түрде төмендетеді. Жоғарғы маргиналды салықта табыстың өсімшесіне салынатын салықтар жеке табыс тұрғыдан қосымша еңбек ету және нормадан тыс жұмыс істеу пайдасыз жағдайды тұдырады. Әсіресе жоғарғы табыс кейбір әлеуметтік жәрдем ақылардан айырады. Сонымен материалдық ынталандырушыға қарағнада (ақшалай сый ақы, жалақы айырмасы т.б.) жоғарғы маргеналды салық, жалпы өндіріспен еңбек ынталандыруына жағымсыз салдар тудыруы мүмкін.

Салықты реттеудің теориясы мен тәжірбесі көрсеткендей белгілі – бір жағдайлардағы салық ставкасының төмендеуі өндірістің ұлғаюына, пайданың өсуіне және оның салдары болатын  бюджеттің салық түсімінің көбеюіне әкеледі. Салық ставкасының төмендетілуі көленкелі экономикамен күресудің өзіндік - бір шарасы болып табылады. Керісінше ставканың өсуі, көленкелі бизнестің дамуына әкеледі.

Мемлекеттің бюджетті ұлғайту жобаларын салық есебініе қаржыландыру және салықты төмендету ұсыныстары күтіліп жатқан жағымды әсермен жанама шығындарды қоса алғандағы шығындарды салыстыруға негізделуі керек. Олай болмаса жеке салымдармен сый ақылар арасындағы байланыс үзіледі, ал жалпы шаруашылық жүйе тиімділігі азайып, нарықтық механизм сыр бере бастайды.

Халықтың жеке табыстарына салық салу мәселесін шешу қиыншылығы оппоненттердің теориялық көз-қарастарымен анықталатын әр түрлі әдістерде көрініс табуда. Жоғарыда көрсетілгендей экономикалық іс-әрекеттің маңызы ынталандырушы ретіндегі төлеуге қабілтті сұранысты ұлғайтуды қарастыратын кейсияндық модель жеке табысқа прогрессивті салық салуды қолдаушылардың теориялық базасы болып саналады. Мұны былай түсіндіруге болады: төмен табыс бірден тұтынуға кетеді де, тұтыну сұранысын ұлғайтады және өндірістің өсуін ынталандырады. Жоғарғы табыс болса көбінесе жинақтауға жұмсалады, сондықтанда бұл табыс жоғары салық салу өндірісінің өсу ынталандырушысына кері әсер етпейді. «Ұсыныс экономикасы» теориясын қолданушылар және монетаристер қарама-қарсы шараларды ұсынады. Олардың ойынша, жоғарға табысты жинақтау инвестицияны көбейтуді және өндіріс үшін сәйкес қаржы ресурстарын қалптастырады. Сондықтанда бұл теорины қолданушылар салық салу практикасында пропорционалды төмендеу (немесе ең болмаса аз прогресивті шкала бойынша алынатын) жеке табыс салығы қажет деп санайды. Жеке табыс салығына қатысты салық жүйесінің тиімді және әсерлі қызмет етуі үшін тікелей салық органдарының жұмысына тиімді әсер ететін мәселелерді шешу қажет. Себебі салық салу аясы мемлекеттегі экономикалық қатынастардың кең көлемін алып отыр.

Демократиялық шаруашылық құрылымында жеке табыс салығының қандай болатыны тек қана салық төлеушілірге тәуелді. Кейбір экономистердің ойынша бюджеттің кірісін көбейту және салық жиналуын жақсарту үшін, салық деңгейін және олардың түрлерін күрт азайту қажет дейді.

Қазақстандағы жеке кәсіпкердерден салық алу жағынан салық әкімшілігін күшейту қажет, бұл дегеніміз салық ставкаларының  көбеюін білдірмейді, бұл жоғардағы төлеушілердің салық ауыртпашылығын төмендету болып табылады.

Республикамыздағы салық жүйесін одан әрі жетілдірудің маңызды мәселесі болып заңды тұлғаларға салық салуды этаппен әлсірету, салық ауыртпашылығын жеке тұлғаларға бір қалыпты ауыстыру болып саналады.

Халықтың көп бөлігінің жалпы деңгейінің төмендеуіне қарамастан салық ауыртпашылығының қомақты бөлігін көтеретін жеке тұлғалар көбейуде. Бірақта, жеке тұлғаларға негізгі салық ауытрпашылығын аудару қазіргі кезде мемлекеттің салық саясатының переспективті мақсаты ретінде қарастырылуы тиіс және бұл жеке тұлғалардың көп бөлігіндегі табыстың өсумен ғана жасалынуы қажет.

Дамыған елдер арасындағы ең жоғарғы жеке табыс салығын Скандинавия  елдерінде – бұл салықтың жоғарғы деңгейі 60-69%-ке тең, бірақ мұнда өмір сүру деңгейі де ең жоғарғы, айырмашылықтар реттеледі, ең жоғарғы табыс орташадан бес еседен жоғары асады. Скандинав елдерінде халықты әлеуметтік қорғау дәрежесі ең жоғарғы, бұл дегеніміз балаларға, бала тәрбиелеп жүрген аналарға дотациялар, жұмыссыздарға арналған жәрдем ақы, тұрмыс жағдайы төмендерге және аз қамтамасыз етілгендерге жәрдем ақының жоғарғы деңгейімен түсіндіріледі, яғни жеке табыс салығының жоғарғы қойылымдарын төлеудің орын толтыратын өзіндік бір рөл атқарады. Бірақ бұл елдердің өзінде 1993 жылы жеке табыс салығының қойылымдары төмендетілді, себебі табыс табуда және еңбекке деген қызығушылық төмендей түсті.

Біздің тәжірбиеде үкімет халықты әлеуметтік қорғауда жоғары деңгеймен қамтамасыз ете алмайды, себебі халықтың шамамен 60%-тейі төмен немесе болмаған жағдайда минималды өмір сүру деңгейінде болып табылуда.

Біріккен Ұлттар Ұйымының анықтамасы бойынша минималды өмір сүру деңгейі адамның өз еңбек ақысына барлық керекті деңгейі бұл - азық-түлігіне, киім-кешегіне, отбасыны қамтамасыз етуіне, өз күшін қайтару мүмкіншілігіне, тағы басқа өмір сүру жағдайы қажеттіліктерін өтеуі. Ал біздің табыстың минималды өмір сүру деңгейі бұл талаптарға сай келмейді.

Сондықтан да қазір біздің экономикамыздың тығырықшық жағдайында автоматикалық, басқаша айтатын балсақ жеке табыс салығын жинауды банктік қызмет көрсету арқылы мәжбүрлеп алуды енгізу өте маңызды.

Өтпелі кезеңдегі жағдайында жеке табыс салықты жалдамалы еңбекті пайдаланатын кәсіпорындар, ұйымдар және тағыда басқа шаруашылық жүргізуші субъектілерге жеке тұлғалардан ауыстыру мақсатқа сай болып саналады. Сондағасы осы жеке табыс салықты қазіргідей тұтыну қоры үлесінен емес, төлем соммасынан аудару керек. Бұл жағдайда қажет емес тәуелділік қалыптасады, ол былай көрінеді: азаматтың номинарды табысы өскен сайын мұның көп бөлігі объективті түрде мемлекетке, аз бөлігі- азаматқа түседі.Егер де жеке табыс салығының төлем сомасынан төленетін болса, онда азаматқа қолма-қол төленетін сома мөлшері көбейсе, осы жалақыға салықта жоғарылайды, яғни кәсіпорын өз жұмыскерлеріне жалақыны көбірек төлесе мемлекет қызығушылық танытады.

Ал жеке тұлғалардың өздері жеке табыс салығынан босатылатын еді. Салықты кәсіпорын төлейді, және де бұл шығындар өзіндік құнға жататын еді. Жеке табыс салығын алу механизімін жоғарыда айтып кеткендей автоматты түрде, банктік оператциялар арқасында болу керек. Жұмысшылардың жалақысы түскеннен кейін кәсіпорын өз меншігінің қаражатынан бюджетке белгілі бір пайызын аударып отырады (немесе банк автоматты түрде шоттан алып отырады). Егер кәсіпорында керекті сома болмаса , онда банк бұл қаражатты кәсіпорынға бермейді.

Бұл жағдайда әлеуметтік сақтандыру салығы жойылады, себебі ол осы сомма ішіне кіріп кетеді.

Бұл салық қызметкерлерінің өздерінің жұмысын жеңілдетеді. Мемлекет жалақыны төлеу деңгейі төмендемей,керсінше өсу тенденциясы болу үшін қатаң бақылау жүргізуге қызығушылық танытады. Сол уақытта кәсіпорындардың өздері де, өндірістік еңбектің өсуі мен өндіріс көлемінің артуында объективті қызығушылықтары болады. Себебі өз жұмысшыларына олардың жоғары жалақыларын өтеуге мүмкіншілік береді.

Қазақстандағы халық табысының қалыптасқан жағдайда коммерциялық аясында әрекет ететін халық бөлігі басқаларға қарағанда табыстары айтарлықтай жоғары. Бұл өз кезегінде қоғамда белгілі әлеуметтіктік теңсіздікті тудырады. Бұған қарсы шара ретінде мемлекет қысқа мерзімге оларға бөлек, жоғарылау прогрессивті салық қойылым шкаласын бекіту қажет. Бірақ бұл шара қысқа мерзімге қолданылуы керек.

Қазірдің өзінде декларация толтыру механизімі өзін-өзі ақтамай жатыр. Бұған объективті және субъективті факторлар әсер етеді. Объективтіге  -  декларацияның шынайлығын тексерудегі тиісті техникалық базасының болмауы. Ал субъективтіге – азаматтардың сана-сезімі, олардың менталитеті жатады.

Салықтық салада бақылау іс-шараларының нәтижелілігі ұйымдастырушылық әдістемелік факторларға тура тәуелді болады. Салықтық бақылау алдында тұрған мәселелерді шешуін қамтамасыз ету үшін оын ұйымдастырудың негізін қалаушы қағидалардың орындалуы қажет, бірінші – құқықтылық. Салықтық органдарбақылау әрекғеттерін өкілеттіліктерінің шеңберінде жүзеге асыруы қажет әне заңмен бекітілген компетенция деңгейіне сәйкес болуы қажет. Екінші маңызды ұйымдастырушылық қағида – ол бақылаудың жалпылық толықтыллығын қамтамасыз ету. Барлық салықтар( республикалық және жергілікті), сонымен қатар, барлық салық төлеушілер бақылау жүйесіне бағынуы керек және ол сәйкес салық бюджеттерінің тұсім көлеміне байланыссыз болуы керек. Үшінші қағида – салық төлеушіге қысым көрсетпеу. Салықтық бақылау салық жүйесінің фискалды және экономикалық бағыттармен оптималды өзара әрекетін қамтамасыз ету мүмкіндігі есебінен жүзеге асырылуы қажет. Төртінші қағида ретінде ескерту қағидасын айтуға болады. Салықтықө органдар салықтық құқық бұзушылықтың пайда болу мүмкіндігін ескертетін профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Мұнда маңызды орынды бесінші қағида алады – салық органдарының бақылау әрекеттері мен жұмыстарының үйлесімділігі.

Бақылау, салықтық органдарының басты мазмұны ретінде, олардың кез – келген қызмет бағытын қарастырады, ол салықтық бақылау мақсаттары мен міндеттерін көптілігін анықтайды, яғни:

  1. Салық заңдарын сақтау;
  2. Салықтар мен басқа міндетті төлемдердің дұрыс есптелуін тексеру;
  3. Салық салу объектісінің бухгалтерлік есеп жүргізуі мен оның сапасын тексеру;
  4. Төлемге қатысты салықтар сомасын бюджетке өз уақытылы және толық еңгізілуін қамтамасыз ету;
  5. Салықтық құқық бұзушылықтар профилактикасы.

Бұл мемлекеттік салық органдарының бақылау іс – шараларын жүзеге асыру мүмкіндіктері мен құқықтарының кең түрде ұйымдастырылатынын көрсетуі.

Бақылаудың теориясы мен тәжірибесі бақылау кезінде күрделі тексерулердің ережелері мен нормаларын қолданудың негізгі 7 саласын атайды:

  • Тауарлар, жұмыс және қызмет өткізу;
  • Айналым саласы мен баға құру;
  • Есепті – төлемдік тәртіп;
  • Мүлікті пайдалану, негізгі құралдар амортизациясы, материалды емес активтер, азқұнды заттар амортизациясы және неізгі құралдар жағдайы;
  • Еңбекақы төлеуді құру және материалдық ынталандыру;
  • Салық салынатын табысты анықтау.

Салықтық бақылаудың негізгі мақсаттырның бірі – салықтан кетуге кедергі болу. Салықтық теория мен тәжірибесі бойынша салықты төлемеудің 4 түрлі себебі бар:

  • Моралжды;
  • Саяси;
  • Экономикалық;
  • Техникалық.

Көптеген азаматтардың түсінігінше қазынадан ұрлау – ұрлауға жатпайды. Сонымен қатар, кез – келген мемлекетте жоғарғы билік органдарында коррупция роын алады, мемлекеттік қаражатты өз қажетіне жарату. Сондықтан салық төлеушілер салық төлемеуде моралды жауапкершілікті сезінбейді. өтпелі уақытта экономикалық формация ауысуы кезінде заңдар ресми түрде қабылданады, ал салық заңдары тіпті.

Салық төлемеудің саяси себептері де бар. Мемлекетте экономикалық саясат бағыттарын анықтауда шығындардың тенденциясы тұрақты болғанда, салық төлеуші өз міндеті деп санайды. Егер мемлекеттік саясат жүргізуде жеке топтар көзқарасы басқа экономикалық себепсіз көзқарастарға қойылса, онда салық төлеуші салық мөлшерін төмендетудің әр түрлерін іздеуге тырысады.

Бірақ жеке төлеушілердің тек экономикалық жағдайы ғана салықтық жабу түсінігін таратуға әсер етпейді. Оған сонымен қатар, жалпы экономикалық конъюктура да әсер етеді. Бұл ең алдымен, белгілі бір дәрежеде тұтынуға деген салықты қоюды жеңілдетеді. Сәйкесінше, бұл жағдайларда салық төлеуден кету қажеттілігі қысқарады.

Экономикалық құлдырау кезеңінде , үкімет рынокты реттеуге мәжбүр болуы кезінде, салықтан қашу күшейеді. Бұл реттелетін рыноктың құрылуының параллельді, заңсыз және басқарылмайтын рынокпен жүреді. Ондағы келісім – шарттар әрине салықтан қашады. Қалай шешу керек? Салықтан кету прцессінің басқаруда оның мөлшерін анықтауға болады. Салықты төлемеуді қысқарту ықтималдылығын салықтық бремяларды азайту есебінен, отандық бәсекеқабілетті тауар өндірушілер үшін салықтық преференциялар құру.

Салықтан кетудің техникалық жағдайы ұлттық салық заңдарының күрделілігі мен қарама – қайшылығы жатады. Салық салудың техникалық күрделілігі салық төлеушінің заң бұзбай төлемнен қашуына мүмкіндік береді. Бұл салықтық бақылау тәжірибесін де қиындатады. Оның нәтижелері салық салу әдістемесінің анықтылығына , салықтық тексерулердің техникалық жабдықталуына, бухгалтерлік есептің анықтылығына тура тәуелді болады.

Салық салу базасын кеңейту әрі технологияларды пайдалана отырып, салықтық және кедендік әкімшілік жасау сапасын көтеру жолымен мемелекеттік бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту, сондай-ақ өндірістің дамуын және инвестициялардың өсуін ынталандыру үшін салық және кеден заңнамасын жетілдіру болып, салық саясатын құру болып табылады.

Экономиканың даму перспективаларын ескерген және мемлекет пен салық төлеушілер мүдделерінің оңтайлы үйлесуіне бағытталған жаңа Салық кодексі қолданысқа еңгізілді. Салық жүктемесін азайту мақсатында 2001 жылы қосылған құнға салық ставаксы 16 пайызға дейін және әлеуметтік салық ставкасы 21 пайызға дейін кемітілді. Ірі салық төлеушілердің мемлекеттік бюджетке үлесін айтарлықтай ұлғайтуға мүмкіндік берген олардың электронды мониторинг жүйесі еңгізілді. 2001 жылдың басынан бастап «Трансферттік бағаларды қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау туралы» Қазақстна Республикасының заңы қолданысқа еңгізілді, ол халықаралық іскерлік операцияларда бағаның пайда болуына мемлекеттік бақылаудың құқықтық құралын белгілеп берді.

2002 жылы мемлекеттік органдардың сыртқы сауда қызметіне орынсыз араласуын болдырмауды және кеден заңнамасының қарапайымдылығын қамтамасыз етуді көздейтін Кеден кодексінің және мұнай өнімдері рыногындағы ахуалды реттеу үшін жағдай жасауды көздейтін «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің өндірісі мен айналымын мемелекеттік реттеу туралы» Заңның жобалары әзірленетін болады.

Үкімет 2002 жылы кеден баждарының ставкаларын бірдейлендіретін және төмендететін болады, сөйтіп, тауарларды жасырын әкелу және әкету жағдайларын болдырмайтын экономикалық ынталандырулар жасалады.

Бұдан басқа, кеден төлемдері мен салықтарының төмендеуіне жол бермеу мақсатында әкелінетін тауарлардың кедендік құнын бақылаудың тиімді амалын жасау және енгізу алда тұр.

Салықтық және кедендік әкімшілік жасаудың негізгі прцесстерін автоматтандыру аяқталады, атап айтқанда мыналар еңгізіледі:

2002 жылдың соңына дейін:

Қазақстан Республикасының ықпалдастырылған салықтық ақпарат жүйесінің бірінші кезегі;

Салық аудитін электронды бақылаудың ақпарат жүйесі;

Кедендік автоматтандырылған ақпарат жүйесінің екінші кезегі;

2003 жылдың ішінде:

Қазақстан Республикасының ықпалдастырылған салықтық ақпарат жүйесінің екінші кезегі;

«Салықтық есеп берудің электронды нысандары» ақпарат жүйесі;

«Қосылған құнға салықты төлеушілерді тіркеу. Қосылған құнға салынатын салықпен жазылған шотфактуралар тізілімін қабылдау және өңдеу жүйесі» ақпарат жүйесі;

«Төлем көздерінен алынатын жеке тұлғалардың кірістерін есепке алу» ақпараттық жүйесі.

2003 жылы ұлттық ресурстардың есебін жүргізу үшін жауапты мемлекеттік органдар Салық төлеушілер мен салық салу объектілерінің мемлекеттік тізілімін енгізетін болады.

Инвестициялардың өсуін ынталандыру үшін амортизациялық саясатты жетілдіру және елдегі негізгі қорлардың нақты жай – күйін анықтау мақсатында 2003 жылы негізгі құралдарды зерттеу жүргізу жоспарланып отыр, соның нәтижелері негізінде салық салу мақсаттары үшін амортизацияның шекті нормаларын нақтылау жөнінде ұсыныстар енгізілді.

Есепке алу – бақылау таңбаоарын пайдалана отырып, алкоголь өнімдерінің есебін жүргізудің ақпарат жүйесі енгізіледі.

Мемлекет пен жер қойнауын пайдаланушылар экономикалық мүдделерінің теңгеріміне қол жеткізу мақсатында Үкімет жер қойнауын пайдаланушылармен келіссөздерді жалғастырады және жасалған келісім – шарттардың жекелеген ережелерін өзгерген экономикалық жағдайларды ескере отырып, нақтылайтын болады.

ҚОРЫТЫНДЫ

Салық нарықтық қатынастардың бір бөлігі, оның қызмет етуі елдегі экономикалық реформалардың нәтижелігімен тығыз байланысты.

Салықтық қатынастар - бұл мемлекет арасында пайда болатын қаржылық қатынастар түрі, ол бір жағынан заңды және жеке тұлғалар арасында,   ал   басқа   жағынан   шаруашылық   субъектілердің   және  азаматтардың  белгілі бір табыс бөліктерін алу жолымен қоғамдық жиынтық өнімнің құнын және ұлттық табысты қайта бөлуі арқылы мемлекеттің   орталықтандырылған   қорына   құюы   болып   табылады. Салықта міндетті турде объективті ( экономикалық категория ) және субъективтi (категория мәнінің көріну түрі) бөліп көрсетуі қажет. Әр бір экономикалық категорияның бағытталуы өзіне тән қызметтермен сипатталады. Біздің ойымызша, салықтардың көп түрлі қызметтерінің бар болуына     байланысты,  осы экономикалық категориясының   мәнін   толықтай   ашатын   екі ең негізгі қызметін ерекшелеуге болады. Оларға фискальды және реттеуші қызметтерін қарастыруы қажет.

Тап осы уақытта Қазақстан эконмикасының дамуында жеке тұлғаларға салық салу жүйесін қайта ұйымдастыру өте маңызды, сондай-ақ ол кәсіпкерлік қызметін ынталандыру, түрлі табыс көздері және табыс мөлшерлері негізінде халықтың өмір сүру деңгейін реттеу үшін қолдануда.

Дегенмен,   экономикалық  тиімділік   принципінің   өнімділікпен байланыстығы, әрқашанда табыстардың әділ бөлінуіне әкелмейді, себебі азғана өнімді тұлғалар (егде , аурулар және т.б ) нарықтық механизм арқылы бөлу барысында үлессіз болып қалады, онда бүгінгі таңда әлеуметтік  жақтың  маңыздылығы  айтарлықтай  зор  болып табылады. Әлеуметті    әділеттілік  қағидасы  еңбек қызметімен байланысты емес, табыстағы түрлі ерекше мөлшермен және оның, сапасымен тығыз байланысты қажеттіліктерді жоюды қажет етеді.

Жеке  тұлғалармен  төленетін  салықтардың  мемлекеттік   бюджеттегі ролі айтарлықта көп емес, сондыктанда 2002 жылы 9,6% құрап отыр.

Біз жүргізген зерттеулердің нәтижесі келесідей тұжырымдарды шығаруға болады:

- Жалпылама жеке тұлғаларға салынатын салық жүйесі дүние жүзілік стандартқа сай болып келеді, соның ішінде негізінен дүние жүзілік салық кодексіне және шетелдік тәжірибені қолдану арқылы құрылған. Жеке тұлғаға салық салу барысында негізінен табыс салығы қарастырылған. Осы салық түрі бойынша ҚР мемлекеттік бюджеттегі үлес салмағы басқа елдермен салыстырғанда төмен болу жоқ себебі болып, Қазақстандағы халықтың табыс деңгейiнiң төмендігі табылады. Жеке табыс салығына қатысты көптеген өзгерістермен толықтырулар барысында көп емес және орта табысты тұлғаларға қатысты, және жоғары табысы бар тұлғаларға қатаң әділетті түрде салынатын салықтық ставка шкаласы бар жеткілікті тиімді механизмді құруға әкелді.

- Жеке табыс салығы бойынша әділеттік қағидасын іске асыру мақсатында салық салынбайтын минимумды өмір сүру минимумы ретінде қолдануын мақсатқа сай деп санаймыз. Салық салынбайтын минимум - бұл   ставка, субъект, объект және т.б сияқты салықтың бөлінбейтін элементі және ол ауыртпашылық әкелуі тиіс, яғни адамның ең қажетті тұтынуын қанағаттандыруы керек. Әрине буның нәтижесінде жеке табыс салығының түсімі біршама төмендейді, бірақ ол біршама деңгейде жанама салықтардың түсiмдердiң жоғарлауына мүмкіндік береді, сондай-ақ азаматтардың біршама категорияларын әлеуметтік қолдау қажеттілігі қысқарады және қорытындылай келгенде, халықтың сатып алу қажеттілігі жоғарлайды.

Халықтың төмен төлеу қаблеттілігі бар азаматтарға салық ауыртпашылығының төмендеуіне әкеледі. Сондай-ақ жеке тұлғалардың жалпы қоғамдық әл-ауқаттарының жоғарлауында салық ауырпалығын автоматты түрде ықшамдауға мүмкіндік береді.

Салық салу жүйесі ғылымдық жетістктерге және шетелдік тәжірибелерге сүйенуі қажет, жәнеде сәйкес жағдайлардағы ұқсас қағидаларды құру, сондай-ақ саяси-экономикалық және әлеуметтк-психологиялық тұрғыларды ескере отырып ортаны Қазақстанда құруы қажет.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Ермекбаева Б.Ж. Салықтар және салық салу. Оқу құралы.  Алматы,2003 жыл.
  2. Ермекбаева Б.Ж., Лесбеков Г.А. Основы налогообложения. /учебное пособие/- Алматы : Қазақ университеті, 2002ж.
  3. Қазақстан Республикасының « Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы » Заңы ( Салық кодексі ). Алматы,2001 жыл.
  4. Мельников В.Д., Ильясов К.К. «Финанасы» - Алматы Каржы-Каражат,1995 –с.208
  5. Карагусова Г.Д. Налоги: сущность и практика использование. Алматы, 1994 год.
  6. Құлпыбаев С., Ілиясов Қ. Қаржы. Оқу құралы. Алматы, 2003 жыл.
  7. Пушкарева В.М. История финансовой мысли и политики налогов.- М:ИНФРА – М,-1996.190 с.
  8. Раимбаев А.,Классификация налогов.// «Каржы-каражат»,-1999 , №7,- с.81
  9. Кучукова Н.К.,Финансы ,кредит, банки.- Алматы: Гылым, -1992.- 220
  10. Трошин А.В. Сравнительный анализ методик определения налоговой нагрузки на предприятия.// «Финанасы».-2000.-№5.- с.45
  11. Ермекбаева Б.Ж., Арзаева М.Ж. Шет мемлекеттердің салықтары. Алматы, 2004 жыл.
  12. В.Г.Князев, Д.Г.Черник. Налоговые системы зарубежных стран./ учебник/ Москва. «Закон и право», «ЮНИТИ» 1997г.
  13. Құлпыбаев С., Ілиясов Қ. Қаржы. Оқу құралы. Алматы, 2003 жыл.
  14. Черник Д.Г., Починок А.П., Морозов В.П. Основы налоговой системы. Москва, « Финансы », 1998 год.
  15. Финансы Республики Казахстан. Статистический ежегодник. Алматы, 2003 год.
  16. Елубаева Ж.М. “Основные направления совершенствования налоговой политики” Вестник КазНУ.Серия экономическая. Алматы,№3(37), 2003 год.
  17. Ермекбаева Б.Ж. “Налговая система Казахстана: опыт и проблемы” Мир финансов. Специальный выпуск, Алматы, декабрь 2003год.
  18. Налоги и налогообложение. Учебник под ред.Русаковой И.Г., Кашина В.А.-М: «Финансы» ЮНИТИ,-1998.с.180-181-494
  19. Худяков А.И. Налоговая система Казахстана «Подоходный налог» А. 1997год.
  20. Оспанов М.Т Методологические и концептуальное основы РК “ О налогах и других обьязательных платежах в бюджет // ФИБ Мин Фина РК 1995/2
  21. МельниковВ.Д.,Ли В.Д. "Общий курс финансов". А,2001;
  22. Қазақстан Республикасының “Салықтар мен басқа да міндетті төлемдері”  туралы заңы  04.95 жылғы өзгерістер мен толықтырулар мен бірге .Алматы. Юрист 2000
  23. Худяков А.И Налоги: понятие,элементы.установлени,виды
  24. Худяков А.И Налоговая система Казакстана
  25. Б.Ж Ермекбаева Жалпы мемлекеттік салықтар  А-1997

Похожие материалы