Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

KASE Delta Bank-ті биржадағы саудаға қатысудан шеттетті

KASE Delta Bank-ті биржадағы саудаға қатысудан шеттетті

Алматы. 26 сәуір. 7kun.kz - KASE басқармасының шешімімен «валюталық» және «қор» санаттары бойынша биржаның мүшесі болып келген «Delta Bank» АҚ саудаға қатысудан шеттетіп, оның құнды қағаздарын сатуды тоқтатты. Бұл туралы KASE хабарлады.

Осы шешіммен биржа банкті клирингтік қатысушы мәртебесінен айырды. Бұл шешімді қабылдауға себеп: Delta Bank биржалық сауда бойынша өз міндеттемелерін орындамаған.

«25 сәуірде банктің шетелдік валюта нарығындағы міндеттемесі болмады. Аталған күні орындалмаған міндеттеме банктің активтерінің есебінен қамтамасыз етілді. Банктің өз міндеттемесін орындамауы биржаның басқа мүшелеріне негативті әсер етеді»,-делінген биржа хабарламасында.

Биржадағы саудаға қатысудан және оның құнды қағаздарын сатудан шеттетілуі банкті биржа мүшелігінен автоматты түрде айырады. Сондықтан Delta Bank KASE мүшелігінен де шығарылды. Бұған сәйкес бүгіннен бастап банктің жәй акциялары мен облигацияларының сатылымы тоқтатылды.

Ұлттық банктің мәліметінше 2016 жылы Delta Bank актив көлемі бойынша 34 банктің ішінде 14 орынға ие болды. Банктің акционерлері төмендегі жеке тұлғалар болып табылады: Нұрлан Тлеубаев (49,32%), Гүлімжан Ахметжанова (9,82%), Алмаүл Балмағамбетова (9,71%), Жанар Жолдыбаева (9,81%), Ғалия Сақтағанова (9,78%), Күләш Сарқұлова (9,82%).

Похожие материалы