Алматы. 26 сәуір. 7kun.kz - Қазкоммерцбанк өткен жылдың Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына сәйкес қаржылық есебін жариялады.
Банктің өткен жылғы негізгі көрсеткіштері:
- Банктің активтері 2016 жылдың басымен салыстырғанда 4,5 пайызға төмендеп, 4 866 млрд теңгені құрады.
- ҚР ҰБ әдісі бойынша, банк капиталының жеткілік коэфиценті 13,1 пайызды құрады.
- 2016 жылы банктің таза пайдасы 508 млн теңге болған.
- Таза пайызсыз шығындар 2016 жылы 15 млрд теңгені құрап, 2015 жылмен салыстырғанда 99,7 млрд теңгеге қысқарған.
Салық шығындары өткен жылы 25,4 млрд теңге болса, 2015 жылы бұл көрсеткіш 17,5 млрд теңгені құраған. ҚР ҰБ әдісі бойынша есептелген капиталдың жеткіліктілік коэфиценті 2016 жылдың желтоқсанында 13,1 пайыз болды. Корпоративтік секторға берілген нетто-қарыз көлемі 2016 жылы желтоқсанның 31-інде 3 454,4 млрд теңгеге жеткен. Бұл көрсеткіш 2016 жылдың осы уақытында 3 476 млрд теңгені құраған.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024