Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан кәсіпкерлерінің сыртқы нарыққа шығу көрсеткіші төмен

Қазақстан кәсіпкерлерінің сыртқы нарыққа шығу көрсеткіші төмен

Астана. 26 сәуір. 7kun.kz - Қазақстанда өнімдерді сыртқы нарыққа шығару айтарлықтай төмен. Еліміздегі кәсіпкерлердің 73% өнімдерін тек өздері тұрақтаған өңірлерге ғана өткізеді. Ал кәсіпкерлерлің 16,1% өнімдерін еліміздегі көршілес өңірлеріне жеткізеді, ал 8,1% бүкіл Қазақстанға таратады. «Іскерлік ахуал–2016» әлеуметтік зерттеуінде осындай тұжырым жасалған. Бұл туралы palata.kz жазды.

Отандық кәсіпкерлердің шамамен 3% ғана жақын және алыс шет елге, оның ішінде ЕАЭО елдеріне экспорттайды.

Ресей Федерациясымен шекаралас өңірдің, атап айтқанда Қостанай, Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облыстары кәсіпкерлерінің ЕАЭО елдеріне экспорттауы өзге өңірлермен салыстырғанда жоғарырақ. Қостанай облысы кәсіпкерлерінің 2,5% Қазақстан мен ЕАЭО елдеріне экспорттаса, Солтүстік Қазақстан облысында – 2,6%, ал Павлодар облысы кәсіпкерлерінің 3,5% ЕАЭО елдеріне шығады.

Алайда, Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облыстары кәсіпкерлерінің ЕАЭО елдеріне экспортқа шығу көрсеткіші 1%-дан төмен. Жақын шет елдерге экпорттау көрсеткіші Астана қаласы, Шығыс-Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстарында жоғары. Ал алыс шетелге өнімдерін жеткізеде Ақтөбе (4,1%) мен Жамбыл (2,3%) облысы белсенді. Ал үштікті Шығыс Қазақстан облысы тәмамдайды. Бұл облыстағы кәсіпкерлердің 1,4% алыс шетелге экспортқа шығады.

Похожие материалы