Алматы. 29 сәуір. 7kun.kz - Қазақстанда коммуналдық қызмет көрсететін 2 монополисті субсиядалау үшін биыл 5 миллиард теңге қаржы бөлінбек. Бұл қаражатқа 38 шақырым жылу жүйесі жаңартылады екен. Бүгін тұрғын үй құрылыс шаруашылығы мәселесі бойынша мәжілісте өткен отырыста үкімет өкілдері осылай деді.
Шенеуніктер осылайша мемлекеттен ақша бөлу арқылы, қарапайым азаматтардың коммуналдық қызметке төлейтін жүктемесін азайтпақшы. Сондай-ақ, жаңа заң жобасында тарифтерді белгілеудің жаңа тәсілдері қарастырылған. Яғни, соның негізінде әр азаматтың төлеген ақшасының қайда жұмсалғанын көруіне мүмкіндік туады деп жоспарланып отыр. Ал, отырысқа қатысушылар жыл сайын миллиардттар бөлінсе де коммуналдық жүйенің неліктен жаңармайтынын білгісі келді.
РАХМАН АЛШАНОВ, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы:- Жүйелер 68-70 пайызға тозды дейді. 40 жыл болды осы көрсеткіштен түспейміз. Жыл сайын бюджет сұраған кезде модернизацияға ақша сұрайды. "Ақша берсеңдер өзгертеміз, жаңартамыз. Ертең жүйелер тағы 50 жылға жарайды" деп. Тозған кезде басқаша. Осының бәрін тарифке салады да.
МАРХАБАТ ЖАЙЫМБЕТОВ, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы:
- Кез келген жылу жүйесі, су жүйесі 20-25 жылда тозады. Оны ауыстыру керек. Сондықтан оған қаржы бөліп жатқаны сол. 60-70 пайыз тозығы жеткен деген құбырларды болашақта бітеді деген сөз. Болашақта үлкен авариялар болады деген сөз.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024