Алматы. 3 мамыр. 7kun.kz - Ұлттық банктің төрағасы Данияр Ақышев ақпарат агенттіктерінің біріне берген сұхбатында банктердің балансын токсинді активтердерден тазарту процесі қалай жүргізілетіні туралы айтып берді.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен Ұлттық банк Қазақстандағы банк секторын сауықтыру бағдарламасын жүзеге асырады. Бағдарламаның басты мақсаты банктерді мемлкет тарапынан қолдау және бақылау-реттеу фнкцияларын арттыру.
«Бағдарламамның бірінші бағытында екінші деңгейлі банк акционерлерінің жауапкершілігіне негізделген принцп бойынша банктер Ұлттық банкпен рекапитализацияның жоспарын жасайды. Жоспарда банктердің докапитализациясы 2 жыл бойы банк акционерлерінің тарапынан жүзеге асырылып отырады», - деді Д. Ақышев.
Оның айтуынша, банктерге көрсетілетін көмектің көлемі әр банк үшін бөлек қарастырылады және банктің шығындары мен акционерлердің докапитализация жасау мүмкіндігіне байланысты болады.
Данияр Ақышев сөзін «Бағдарламаның екінші бағыты – Ұлттық банктің реттеуші-бақылаушы функциясын күшейту. Жедел бақылауды және аудиторлық ұйымдар мен бағалау компанияларының жауапкершілігін арттыруды заң жүзінде бекіту ұсынылады», - деп жалғастырды.
Ол Ұлттық банктің реттеуші-бақылаушы қызметін күшейту банк активтерінің сапасын арттыруға, келісімшартты кепіл мүлікке қатысы бар тұлғалармен жасауға, провизиялық бағалауларды бір ізге келтіруге, сонымен қатар, аудиторлық және бағалау компанияларының қызметін бақылауды қатаңдатуға бағытталатынын атап өтті.
Сонымен бірге, Ұлттық банктің төрағасы 2018-2017 жылдары инфляция жоспарлаған мөлшерде болатынына да тоқталды.
«2017 жылы сәуірдің 10-ында біз базалық мөлшерлемені 11 пайыздық көрсеткіште сақтап қалуды ұйғардық. Жыл басынан бері байқалған іскерлік белсенділік пен ішкі қаржы нарығындағы тұрақтылықты ескере отырып осындай шешімге келдік - деді ол. - Дегенмен инфляциялық процестерге деген «сезімталдықтың» сақталуы халықаралық қаржы нарығындағы жағдайларға, 2017 жылғы бюджет шығынының ұлғаюына және халық табысының тиімді жаққа өзгеруіне сәйкес болашақтағы инфляцияның болу ықтималдығы әлі де сақталып отыр».
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024