Илон Маскты біреулер данышпан десе, енді біреулер дүмше, көз бояушы деп есептейді. Кім не десе де, Tesla мен SpaceX-тің негізін қалаған бұл адамның көрегендігі мен еңбегін бағаламау мүмкін емес. Жақында оның автокөлік компаниясы каптиал жағынан Ford-ты басып озды, ал зымыран тасығыш құрылғысы екінші рет ұшырылды. Business Insider жинақтаған Илон Масктың өзге ғаламшарларды игеру, күн энергиясы мен болашақ жайлы пікірлерін назарларыңызға ұсынамыз.
Жасанды интеллект жайлы
«Жасанды интеллект адам баласына ғана емес, бүкіл өркениетке қауіп төндіреді. Сондықтан жасанды интелекттің қауіпсіздігін көбірек зерттеу аса маңызды деп есептеймін».
Өзге ғаламшарларды бағындыру туралы
“Егер адамзаттың маңдайына мультиғаламшарлық түр болу жазылған болса, онда ғарыш-зымыран техникасында ірі төңкеріс жасалуы керек. Бізге ұшырғаннан кейін қайта қолдануға жарамды зымырандар керек”.
Ұшатын автокөліктер туралы
«Біз ұшатын автокөліктерді жасай аламыз, оның еш қиындығы жоқ. Ең қиыны - оны дыбыссыз әрі қауіпсіз етіп жасап шығару”.
Нәтижеге ұмтылу туралы
“Мен процеске сенбеймін. Маған әңгімелесуге келген адамдар “мен үшін ең бастысы - процесс” десе, әңгімелесудің соңы нәтижесіз болады”.
Инновация туралы
“Үш-төрт ірі компания бәскелесе отырып жұмыс істесе тиімді болар еді. Инновация түбінде осыған итермелейді деп ойлаймын. Егер компания технологияларын дамытуға тырыспай бір орнында қатып қалатын болса, онда бәсекелестері оны басып озады”.
Ғылыми жаңалықтар, ашылулар туралы
«Егер бір нәрсе ойлап тапқыңыз келсе, физиканың принцптеріне сүйеніңіз. Физика ақылға келмеген дүниелерді ойлап табуға көмектеседі. Оған квантты механика дәлел».
Марс туралы
“Ең бастысы - Марста дербес қала құру”
“Бүкіл адамзаттың және өркениетіміздің өмір сүру ұзақтығы осыған (марстық колония құруға - ред.) тікелей байланысты”.
Америка туралы
“Құрама штаттар - зерттеушілер елі. Америка адамзатқа түрлі жаңалықтар ашуға итермелейтін күш беріп отыр”.
Электромобилдер туралы
«Қаладағы ауа тазаруы үшін электромобильдерге көшу керек».
Қайта қалпына келетін энергия көздері туралы
“Бізде тек қана күн энергиясы қалғанын елестетіп көріңізші. Күн - жалғыз ресурс. Испаниядағы аз ғана аумақ бүкіл Еуропаны жарықпен қамтамасыз етуге жеткілікті болар еді”.
Ғарышқа сапар шегу туралы
“Біз адамзат баласына арнап ғарышқа жол ашпақпыз. Ол үшін ғарыш қолжетімді болуы керек”.
Ғарыш пен зымырандар туралы
“Зымырандарда аса қымбат ештеңе де жоқ. Тек осыған дейін ол өте тиімсіз жолмен жасалған”.
“Маған әлемді өзгертетін жобаларға қатысқан ұнайды. Қалай болған күнде де интернет пен ғарыш әлемді өзгертеді. Егер адамзат баласы жер шарының аумағынан шыға алса, оның болашағы да сонда болмақ”.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024