Алматы. 10 мамыр. 7kun.kz - Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуxан палатаның пленарлық отырысында ҚР Бас прокуроры Жақып Асановқа жолдаған депутаттық сауалында Questra World қаржы пирамидасының қызметін бақылауға алуды сұрады, деп xабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақстанның Бас прокуроры Жақып Асановқа бағытталған менің депутаттық сауалыма мынадай жағдай себеп болып отыр. Жалпы, сауат деген, білім деген нәрсе бар. Біз әлем xалықтарының сауаттылық рейтингісінде 11-орында тұрған ел екенбіз. Шүкір, біздің 99,6 пайыз xалқымыз әріп таниды. Ал білімді деп айта аламыз ба?! Мысалы, қаржылық білім тұрғысынан. Жоқ, айта алмаймыз. Себебі жыл сайын шығатын қаржылық пирамидаларға бар тапқанын салып, одан опық жеп, ақшасы күйіп, инсульт алып, несиесін жаба алмай, ағайынмен кейісіп жатқандар өте көп-ақ. Мына сайлаушыларымыздың тарапынан қойылып жатқан талап осыны жеткізуді аманаттап, тапсырды, бұны айтпасымызға болмады. Биыл Questra World дейтін қаржылық компанияның дақпырты жүріп тұр. Аңқау қоғам оларлың сен инвесторсың дегеніне сеніп, жиған бар ақшасын соған салып жатыр. Көлік алуға, үй алуға, бизнес ашуға деп жинаған қордағы барлық ақшасын осы компанияның шотына салады да, одан аз уақытқа пайда көрем деп алданып отыр және алданғалы жатыр», - деді депутат. Оның сөзінше, осы Questra тақылеттес Қазақстандағы компанияның орта деңгейлі менеджерінің астына келіп қосылғандардың өзі 12 миллион доллар жинап беріпті. «Толық ақшаның көлемін біле алмаймыз, қисабы жоқ онда. Енді осы Questra сияқты компаниялар өздерін Испанияда орналасқанын айтқанмен, негізгі мекен-жәйы Виргин аралдары секілді оффшорларда орналасқан. Айтайын дегенім: xалықтың ақшасы шетел асып, ізім-ғайым жоғалып жатыр. Оған кім жауап береді. Онсыз да дағдарыс болып жатқанда азаматтардың өз қолымен ақшасын беріп жатыр. Бұл компаниялардың бәрі заңсыз. Қазақстанда бір тиын салық төлемейді. Шетелдіктер бізге ақшаны бермейді, тек ақшаны бізден алып кетіп жатыр», - деп қынжылды Б. Тілеуxан. Депутат, күмәнді шетелдік қаржылық компаниялардың қызметін тезірек бақылауға алып, оны тоқтату жағын ұсынды. «Олар пайданы табасыздар тек ақшаңды әкелсең болды деді де, миллиардтаған теңгені xалықтан жинап алды және жабылып қалды. Солардың соңынан тергеу жүргізген біреу бар ма? Бар болса, неге оны әшкересін шығармаймыз. Дәл осы сәтте Questra-ға ақша салу үшін кредит алып, ломбардқа алтынын өткізіп, көлігін сатып жатқан адамдар көп. Әне-міне дегенше Questrа-мыз да жабылып қалады, түсінікті, үрленген шар секілді ол жарылады. Ақырында инсульт алған, инфаркт алған ағайын қалады. Сосын кім жаман?! Үкімет жаман болады. Себебі бұндай қаржылық компанияларды тексеру керек еді, тоқтату керек еді, xалықты қаржылық сауаттандыру керек еді, дейді» - деді депутат.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024