
Алматы. 11 мамыр. 7kun.kz - Жұмабек Мамытов 10 мамырдан бастап «Kassa Nova Bank» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Мамытов бұған дейін «Казкоммерцбанк» АҚ-ның бөлшек бизнес бойынша басқарушы директоры болған. Ол Қазақстанның ірі банктерінде, оның ішінде, «АБН АМРО Банк Казахстан», «Казинвестбанк» АҚ, «Сбербанк» АҚ ЕБ, және АО «Қазкоммерцбанк» АҚ-да қызмет еткен.