Алматыда «InternetCA-2017 Орталық Азиядағы интернет саласының дамуы» атты VIII ортаазиялық форум өтеді
Алматы. 12 мамыр. 7kun.kz - «InternetCA-2017 Орталық Азиядағы интернет саласының дамуы» атты VIII ортаазиялық форумының өтетін уақыты: 24-25 мамыр
Негізгі тақырып: Шындыққа жанаспайтын шындық дәуіріндегі негізгі қатерлер
Талқыланатын тақырыптар қатарында:
- Ғаламтордың шынайы өмірге тигізер әсері;
- Әлеуметтік және өзге де проблемаларды әлеуметтік желілер арқылы шешу;
- Пікір білдіру еркіндігінің принциптеріне нұқсан келтірместен, «уытты» мысалдармен қалай күресуге болады;
- Манипуляция, фальсификация (бұрмалау), насихат, ксенофобия, екеуара жауласуға, деструктивті контентке қарсы тұрудың тиімді құралдары: Желідегі қауіпсіздік;
- Халықаралық эксперттердің заңнамалық және басқа да ұсыныстары мен үздік мысалдары тақырыптары бар.
Форумға тәуелсіз сарапшылар, мемлекеттік мекемелер мен үкіметтік емес ұйым өкілдері, журналистер, заңгерлер және белсенді интернет қолданушылар шақырылады.
Форумда Еуропа, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Украина, Ресей елдерінен келген сарапшылар өз аймақтарындағы ғаламтордың мүмкіндіктері мен өзекті мәселелері жайлы ой-пікірлерін айтып, нақты мысалдары мен тәжірибесімен бөліседі.
Шараны әдеттегідей MediaNet Халықаралық журналистика орталығы Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі және Конрад Аденауэр атындағы Қордың демеушілігімен ұйымдастырады.
Өтетін орны: Intercontinental қонақ үйі (Желтоқсан, 181), Алматы қаласы.
24 мамыр: Ballroom
25 мамыр : «Абай» және «Абылай хан» мәжіліс залдары.
Тыңдаушы ретінде қатысу үшін 19 мамырға дейін келесі сілтеме арқылы форумға тіркелу керек: Қатысушы ретінде тіркелу
Шетелдік және Қазақстанның өзге қалаларынан келетін баяндамашылардың жол жүру және қонақ үй шығындары ұйымдастырушылар тарапынан төленеді. Қатысушылар саны шектеулі.
Ұйымдастырушылар азаматтардың тіркелгенін растауы қажет. Қатысуға ниет білдірген тұлғаларға қабылданғаны және қабылданбағаны жайлы қосымша хабарлама жіберіледі.
Толық ақпарат үшін:
Виктория Ли, medianet.smm@gmail.com Думан Смақов, medianet.smm@gmail.com
тел. +7 727 292 20 46, +7 771 445 03 77, +7 702 629 2866.
Дінмұхаммед Алдаберген
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024