Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Димашты танытқан "I’m a Singer" жобасы Қазақстанда өтеді

Димашты танытқан "I’m a Singer" жобасы Қазақстанда өтеді

Алматы. 19 мамыр. 7kun.kz - 31 арна бүкіл әлемге танымал "I’m a Singer" шоуының Қазақстанда өтетінін хабарлады. Бұл туралы арнаның бас директоры Бағдат Қожахметов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Димаштың жеңісін қайталауға мүмкіндік бар екенін айтқан ол Орта Азия аумағын қамтитын жобаның кастингі маусымда басталатынын жасырмады. Кастинг тек Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және Украина секілді мемлекеттерде де өтетін болады. Шоуда Қытайдан келген әртістер де өнер көрсетеді.

"I’m a Singer" жобасының форматы Got Talent, X Factor, The Voice секілді ұқсас байқаулардан өзгеше. Бұл көнкурсқа тек кәсіби әншідер ғана қатыса алады. Оркестр және кәсіби джаз-бендтердің сүйемелдеуімен әлемдік эстраданың әртүрлі жанрдағы суперхиттары шырқалады" - дейді Қожахметов.

Арна директоры «I’m a Singer» шоуының қыркүйек айынан бастап эфирге шығатынын және жеңімпазға Қытайды жаулауға мүмкіндік берілетінін айтқан.

 

Похожие материалы