Астана. 20 мамыр. 7kun.kz - Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып Қамалжан Надыров тағайындалды. Бұл туралы Бұл туралы Астана әкімдігінің сайтында жазылды.
Қамалжан Надыров - Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің түлегі (2000-2006), "Тұран" университетін "Экономика" мамандығы бойынша тәмамдаған (2006-2009), қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінің магистратурасында "Қоғамдық денсаулық сақтау" мамандығын оқыды.
Еңбек жолы 2007 жылы Б.У.Джарбусынов атындағы урология ғылыми орталығында басталып, клиникалық ординатор қызметін істеді. Одан кейін бас директордың әкімшілік-экономикалық мәселер жөніндегі орынбасарлығына тағайындалды. 2014-2015 жылдар аралығында ҚР денсаулық сақтау министрлігінде түрлі қызметтерді атқарды.
2015-2017 жылға дейін "University Medical Center" республикалық диагностикалық орталыққа жетекшілік етті.
Дереккөз: kaz.tengrinews.kz
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024