Алматы. 22 мамыр. 7kun.kz - «Delta Bank» АҚ-тың жеке және заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, жеке және заңды тұлғалардың банк шоттарын ашуға лицензиясы тоқтатылады. Бұл туралы ҚР Ұлтық банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Мұндай шешім Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 18 мамырдағы № 78 қаулысымен қабылданды. Лицензияны тоқтату мерзімі 2017 жылғы 22 мамырдан бастап 2017 жылғы 15 маусымға дейін.Бұл шешімді Ұлттық Банк Delta Bank-тің банктік заңнама талаптарын жекелеген бұзушылықтарын қадағалауды реттеу және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 48-бабының 1-тармағы в) және г) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша, төлем және аударым операциялары бойынша шарттық міндеттемелерді үнемі (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) тиісінше орындамау және үнемі (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) пруденциялық нормативтерді және (немесе) басқа сақталуы міндетті нормалар мен лимиттерді бұзғаны үшін ішкі бақылау жүйелерін жақсарту қажеттілігі шеңберінде қабылдады.
Лицензия жаңа депозиттерді тартуға және жеке және заңды тұлғалардың жаңа банк шоттарын ашуға қатысты тоқтатыла тұрады. Банктің қолданыстағы депозиттері мен клиенттеріне қызмет көрсетуге қатысы жоқ.
2017 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша «Delta Bank» АҚ жеке тұлғаларының қабылданған депозиттерінің көлемі 0,6 млрд теңгені, заңды тұлғалардың депозиттері 115,7 млрд теңгені құрады. Банктің депозиттік портфелінің үлесі банк жүйесі депозиттерінің жиынтық көлемінің 0,7%-ын құрайды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024