Алматы. 22 мамыр. 7kun.kz - "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ проблемалы активтерінің үлесі - 40,5 млрд теңге. БЖЗҚ-ның төрағасы Сәуле Егеубаев бұл көрсеткіш қор портфелінің 1 пайызынан кем екенін айтты.
«40,5 млрд теңге — бұл БЖЗҚ портфеліндегі проблемалы активтердің үлесі. Сенім басқармасымен жасалған келісімге сәйкес зейнетақы активтерінің басқару операцияларының тізімі Ұлттық банк арқылы бекітіледі. Естеріңізге сала кетейін, 40,5 млрд теңге бұл зейнетақы портфелінің 0,58 пайызы", - деді ол.
Зейнетақы қорының төрағасы БЖЗҚ-ның Халықаралық Әзірбайжан банкіне салған инвестиция бұл тізімге енбейтінін айтты. Себебі, жоғарыда көрсетілген мәліметтер 2017 жылы мамырдың біріндегі ақпарат.
«Олардың шынайы бағасы 71,3 млрд теңге еді. Қайтару механизмі мен қарыздың қайта құрылымдалуы аталған акциялардың асыра бағалануына және таза инвестициялық табысқа әсер етеді", - деді Сәуле Егеубаева.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024