Басқарушы компания Қазақстанның мемлекеттік мұнай компаниясының еншілесін сотқа берді. Оған "Қазмұнайгаз Барлау Өндіру" АҚ-ның Prosperity кандидатурасын тәуелсіз директор мансабына қабылдамай қойғаны себеп болған.
"Қазмұнайгаз барлау өндіру" АҚ акциясының 2,5 пайызы тиесілі Prosperity Capital Management Ltd. компаниясының арызы акционерлер тарапынан болған келіспеушіліктің соңғысы болды. Бұл жағдайдан кейін Қазақстан билігі елдің ең ірі компанияларына инвестиция тарту тартуды мықтап қолға алды. Оның ішінде "Қазмұнайгаз Барлау өндіру" АҚ-ның бас компаниясы "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ да бар.
Prosperity компаниясы сейсенбі күні өтетін жылдық қорытынды отырыс өткізетін "Қазмұнайгаз Барлау өндіру" АҚ-ы оның кандидатурасын жаңа тәуелсіз директор мансабына қабылдамай қойғанын айтады.
"Біздің мақсатымыз - тәуелсіз директорларды тағайындау барысындағы қиындықтарды жеңу, - деді Prosperity директоры Иван Мазалов. - Жалпы акционерлер бұл процеске қатыса алмайды деу қате пікір болар еді".
Қазақстанның ең ірі мұнай өндіруші компанияларының үштігіне кіретін, тәулігіне 238 мың баррель өндіретін "Қазмұнайгаз Барлау өндіру" компаниясы пікір білдіруден бас тартты.
Компанияның сайтында "Қазмұнайгаз Барлау өндіру" АҚ акцияларының 57,9 пайызы ҚазМұнайГаз ҰК-сына, ал China Investment Corp. компаниясына 10 пайызы тиесілі.
Prosperity-дің Кипрдегі филиалы Lancrenan Investments Ltd. "Қазмұнайгаз Барлау өндіру" АҚ-ы директорлар кеңесіне кандидат ұсыну құқығын бұзды деп Қазақстандағы сотқа арыз берген. Бұл туралы Блумберг хабарлады.
Lancrenan болса бұл қызметке Александр Гладышевті ұсынған. Ол осыған дейін "Қазмұнайгаз Барлау өндіру" АҚ-ында инвесторлармен байланысқа жауапты болған. Компанияның сайтында Гладышев "тәуелсіз директорлар талабына сай келмегендіктен" бұл қызметке тағайындалмағаны туралы жазылған, бірақ бұдан бөлек толық ақпарат берілмеген.
©2017 Bloomberg L.P.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024