Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Лара Фабиан мен Ева Лонгория Димаш Құдайбергенді туған күнімен құттықтады

Лара Фабиан мен Ева Лонгория Димаш Құдайбергенді туған күнімен құттықтады

Алматы. 24 мамыр. 7kun.kz - Әйгілі әнші Лара Фабиан мен белгілі актриса әрі модель Ева Лонгория қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенді туған күнімен құттықтап, видео жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл туралы әншінің PR-директоры Алпамыс Шаримов хабарлады. Редакциямызға келіп түскен видеода Лара Фабиан тілегін айтып, ән салып береді. "Димаш, бұл саған арналады. Мен, көріп отырғаныңдай, күйеуіммен үйдемін. Ол маған көмектеседі. Бүгін сенің ең маңызды күнің екенін білеміз. Бұл сенің жарық әлемге келген күнің. Бұл күн сондай тамаша күн. Себебі дәл осы күні сен сияқты дарынды адам дүниеге келген күн", - деген ол қазақстандық әншіге арнап Happy Birthday to you әнін орындайды. Айта кетейік, Лара Фабиан Димаш Құдайбергеннің I am a Singer байқауында Adagio әнін орындаған кезінде миллионнан аса жазылушысы бар парақшасында құттықтап, жоғары бағасын берген еді.  Ал актриса әрі модель Ева Лонгория былай деп құттықтайды: "Сәлем, Димаш! Бұл Ева, саған қуанышты туған күн тілеймін. Сен өте дарындысың. Сені танитыныма өте қуаныштымын!".

Похожие материалы