Алматы. 24 мамыр. 7kun.kz - Қытайдың реформа және даму істері мемлекеттік комитеті Volkswagen China мен Anhui Jianghuai Automobile Group (JAC Motor) компанияларының бірігіп электромобильдер өндіруіне рұқсат берді.
Жаңа компанияға салынған инвестицияның жалпы көлемі 5 млрд юаньнан асты (726 млн доллар). Жыл сайын 100 мың электромобиль шығару жоспарланып отыр.
Біріккен екі мекеме Аньхой қаласының әкімшілік орталығы болып табылатын Хэфэй қаласында орналасқан JAC-тың өндіріс базасын қолданады, деп хабарлайды "Синьхуа".
Қытай - Volkswagen компаниясының ең ірі нарығының бірі. Өткен жылы Volkswagen China және германиялық екі біріккен компания ҚХР мен Гонконгтың материктегі бөлігіне 3,98 млн автокөлік жеткізген. Бұл 2015 жылғы көрсеткіштен 12,2 пайызға көп.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024