Алматы. 11 қыркүйек. 7kun.kz – Ұлттық банк кредиттеуді одан әрі ынталандыру бойынша бірқатар бастаманы іске асыруда. Бұл жөнінде бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Ұлттық банкі төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді.
«7-20-25» бағдарламасын іске асыру мәселелеріне қатысты Д. Ақышев екі айдан аз уақытта 18 млрд теңгеге өтінім мақұлданғанын айтты. Бұл бағдарламаның кредиттеудің жылына 200 млрд теңгеге өсу мүмкіндігін растайды. Тиісінше, банктер 5 жыл ішінде 1 трлн теңге ипотекалық кредиттер бере алады, бұл банктердің ипотекалық портфелін екі есе арттырады.
«Бастаманың біреуі - БЖЗҚ қаражатын орнықты банктердің облигацияларын сатып алу үшін абайлап пайдалану. Банктер БЖЗҚ-ның салыстырмалы түрде көп емес қаражатты нарық ставкасы бойынша ашық негізде алады», - деді Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасы.
Сондай-ақ Д. Ақышевтың айтуынша, банктерді қалыпқа келтіру бағдарламасы кредиттеуді одан әрі ынталандыруға ықпал етеді, ол кезде мемлекеттің қатысуының орнына акционерлер 1-ге 2 пропорцияда толық капиталдандыруға тиіс. Банктер алған қаражат «нашар» кредиттерді есептен шығаруға жұмсалды, бұл оларға экономиканы кредиттеу үшін қаржыны босатуға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде 1,3 трлн теңге қайта қаржыландырылды, оның 500 млрд теңге сомасына жаңа кредит берілді.
«Тәуекелге бағдарланған қадағалауды ендіру шеңберінде қалыпты банктер үшін 2019 жылдан бастап жеңілдіктер қолданылады. Халықаралық нарықтардан қаражат тартуды шектеу бойынша кейбір нормативтердің күші жойылды. Банктерді қорландыруды ұзартатын жинақ депозиттері енгізілді. МЖК дамыту үшін жобаларға қатысатын кәсіпкерлерді қаржыландыру үшін банктердің кредиттерін белсенді пайдалану мәселесі шешілді», - деп атап өтті сөзінің соңында Д. Ақышев.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024