Алматы. 7 ақпан. 7kun.kz — Қазақстанның Ұлттық банкі сейсенбі күні 7 ақпанға арналған шетел валюталарына қатысты ресми бағамды жариялады.
АҚШ доллары — 321,8 теңге, 1 еуро — 345,39 теңге, Ресей рублі — 5,47 теңге, Ұлыбританияның 1 фунт стерлингі — 401,61 теңге, жапон йені— 2,86 теңге, 1 қытай юані — 46,9 теңге, 1 қырғыз сомы — 4,65 теңге, 100 өзбек сумы— 9,95 теңге болды деп жазылған Ұлттық банк таратқан хабарламада.
АҚШ долларына қатысты ресми курс Қазақстан қор биржасындағы 6 ақпандағы таңғы және күндізгі сессия (негізгі) қорытындысы бойынша белгіленген. Сауда кезінде америкалық валютаның теңгеге қатысты ресми бағамы 321,72 теңге деңгейінде нақтыланды.
Ал теңге курсына қатысты басқа шетел валюталары кросс-курс есебі бойынша Астана уақытымен 16.00-де белгіленді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024