Қытайдағы қазақ студенттерінің құрылтайында кәсіпкерлік мәселесі талқыланды
Алматы. 5 маусым. 7kun.kz - 2017 жылдың 1-3 маусым күндері Нанкин қаласында Қытайдағы қазақстандық студенттер қауымдастығының(KSAC) YI құрылтайы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Шараға Қытайдың қазақстандық студенттер оқитын Шанхай, Сиань, Ухань, Үрімжі, Бейжің, Цзинань, Харбин, Далянь мен Тяньцзинь сияқты ірі 14 қаласынан 150-ден астам делегат қатысты Құрылтайда«Нұрлы жол» және «Жібек жолының экономикалық белбеуі» жаңа экономикалық бағдарламалары аясындағы жастар кәсіпкерлігі» тақырыбы талқыланды.
Студенттер аталған стратегиялық бағдарламалардың бағыттарында туындайтын түйткілді мәселелерді ортаға салды. Қазақстанның ҚХР-дағы ҚР Елшісінің білім, ғылым және мәдениет мәселері бойынша кеңесшісі Қайрат Әбдірахманов пен ҚР БҒМ «Халықаралық бағдарламалар орталығының» өкілі Берік Сүлейменов қазақстандық студенттерге шетелде өздерін лайықты ұстап, үнемі білімі мен біліктерін ұштауға шақырды.
Еске сала кетейік, Қытайдағы қазақстандық студенттердің құрылтайы алғаш рет 2012 жылдың мамыр айында Сиань қаласында ұйымдастырылды. 2013 жылдың сәуірінде Шанхайда Қытайдағы қазақстандық студенттердің ІІ құрылтайы өтті. Ол Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының 20 жылдығына орайластырылған болатын. Аталған шараның ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, ҚХР-дағы Қазақстан Республикасының Елшілігі, «Қытайдағы қазақстандық студенттердің қауымдастығы» белсенділерінің қолдауымен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ болып табылады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024