Алматы. 5 маусым. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 5 маусымдағы доллардың орташа бағамы 313,00 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.
KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 312,80 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 313,20 тг, сауданың аяқталуы кезінде 312,95 тг болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 19 млн 200 доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 40.
Ақша айырбастау орындарында 5 маусымдағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11.30) Алматыда 314,3 теңгені құраған.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024