"Нұрлы жол" бағдарламасы мен Қытайдың "Жаңа жібек жолы" стартегиясының байланысы талқыланды
Алматы. 6 маусым. 7kun.kz - «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық бағдарламасын жүзеге асыру мен оның Қытайдың «Жаңа Жібек жолы» стратегиясымен түйіндесу потенциалы туралы сауал жалпыұлттық талқыға салынды.
Кеше, маусымның 5-інде, 2017 жылдың 5 маусымында «Қазақстан 2050» жалпыұлттық қозғалысы және «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ бірігіп өткізген жиында осы тақырып сөз болды.
Сонымен бірге, республиканың транзиттік-көлік әлеуетінің дамуы мен оның халықаралық көлік жүйесімен бірігуі; Қазақстан өңірлерінде бәсекеге қабілетті индустриалды инфрақұрылымды құру; кәсіпкерлікті қолдау және оның өсіп келе жатқан бәсекелестік шарттарына бейімделуі; қазақстандық экспортты дамыту және қолдау секілді мәселелер аясында пікір алмасулар болды.
Ал ҚР Парламент Мәжілісінің Депутаты, ҚР Парламент Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Бахтияр Мәкен көліктік-логистикалық инфрақұрылымының даму жоспарымен бөлісті.
«Көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту шеңберінде ұзындығы 7 мың км асатын 12 автожол жобасы, ұзындығы 124,8 км құрайтын 2 темір жол жобасы, сондай-ақ «Құрық» портындағы паром өткелінің құрылысын жүзеге асыру көзделген», - деп хабарлады Бахтияр Мәкен.
Талқылау «Қазақстан 2050» жалпыұлттық қозғалысының «Жалпыұлттық талқылау» жобасын жүзеге асыру аясында өтті.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024